Ж.Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебінің мектепішілік олимпиадасы бойынша қорытынды
2019-2020 оқу жылында Ж.Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебінде оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында мектепішілік олимпиада өткізілді.
Олимпиада мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 14-15 қараша күндері мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді.
14 қараша күні- қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер.
15 қараша күні-жаратылыстану- математикалық бағытағы пәндер. Мектеп бойынша 98 оқушы қатысты, жүлделі орынға ие болғандары:72, аудандық олимпиадаға қатысатын – 29.
Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.
Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.
Олимпиада мына негізгі пәндер бойынша өткізіледі:
1) қазақ тілі мен әдебиеті;
2) қазақстан тарихы;
3) орыс тілі мен әдебиеті;
4) ағылшын тілі;
5) математика;
6) физика;
7) информатика;
8) химия;
9) биология;
10) география
Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.Мектеп оқушылары арасында географиядан пәндік олимпиада өткізудің басты мақсаты-дарынды оқушыларды іріктеу, кәсіптік бағдар бере отырып, география мамандығын игеруге шақыру, маман-кадрлар дайындауға үлес қосу, білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын іздестіру.
Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білуі қажет.
Пән олимпиадасының негізгі мақсаты:
- жалпы мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалау .
-дарынды оқушыларды іріктеу, кәсіптік бағдар бере отырып, мамандығын таңдауды игеруге шақыру.
Пән олимпиадасының ерекшелігі:
Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білуі қажет. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ған шебер ұйымдастыра алады.
Шығармашылық ізденіс арқылы оқушының ойлауы, қиялдауы, сана- сезімі өседі, нақты біліммен қаруланады
Олимпиадалық тапсырмалардың ерекшелігі
Әр піннің тапсырмалары оқушының пәнге қабілетін анықтап, төменгі сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже беруге мақсатталған. Тапсырмаларда оқушының жас ерекшелігін ескерілген.Әр пән бойынша мұғалімдер тапсырмаларды құрастырып, ӘБ жетекшісі мен мектеп директоры бекітілді.
Мектеп олимпиадасының қорытындысы:
Пән |
Қатысқан оқушылар саны |
Жүлделі орынға ие болған |
Аудандық олимпиадаға қатысатындар |
Қазақ тілі |
12 |
9 |
4 |
Орыс тілі |
10 |
10 |
4 |
математика |
16 |
11 |
4 |
Ағылшын |
13 |
9 |
4 |
Тарих |
18 |
11 |
3 |
физика |
3 |
3 |
- |
биология |
12 |
9 |
5 |
география |
8 |
6 |
3 |
химия |
6 |
4 |
2 |
Осындай бағыттарда оқушыларды пәндік олимпиадаға даярлаудағы ұсыныстар
-шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету;
-жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету;
-дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау;
-аудандық және облыстық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау;
Пәндер бойынша тіл сабақтарында оқушылардың шығармашылығын дамытатын тапсырмалар:шығарма, эссе немесе хат жазуын, өлең құрастыруды әрі қарай жалғастыру.
Жаратылыстану-математикалық баыттаы пндерде дегейлік есептер арқылы оқушылардың жауапкершілігі күшейеді, өз бетімен жұмыс істейді, ойлау қабілеті жетіледі, тіл байлығы артады, сөздік қоры молаяды.
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – оушыларды олимпиадаа даярлау. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс — әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдылану қажет.