Текст
2022-2023 оқу жылындағы 13 ақпан күні мектебіміздегі Ресурстық орталықтың екінші сессия кезеңідегі жұмысы басталып кетті. Ресурстық орталыққа келген оқушыларды қарсы алу барысында салтанатты сап түзіліп, іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.
Оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында оқушыларға «Ауған соғысына 34 жыл» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында танымдық бейнеролик көрсетіліп, тақырыпқа байланысты оқушылар маңызды ақпараттар мен пікірлерін білдірді.