"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп психологының ұсыныстары

     Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.

    Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты және қамқорлығы – ол оқушы, өзінің психикалық даму, тұлға ретінде қалыптасу, жас жағынан, жыныстық және басқа жеке ерекшеліктерінің, үлкендермен және құрдастарымен өзара  қарым-қатынастары мәселелерімен айналысу.  Психологтың міндеті – әр балаға арналған, жеке, оның мүддесін, қабілетін, өзін-өзі тербиелеу және өзін-өзі ұйымдастыру мүмкіншіліктерін дамытатын тәсілдерді табу. Ең бастысы – психолог және ата-аналардың бірлескен күшімен баланың ерекшеліктерін оның өмір сүру жағдайымен, оның тәрбиелену тарихын есепке ала отырып, түсінуге тырысу және осы негізде келешек жұмыстың бағдарламасын анықтау.

    Мектептік психологиялық қызметтің негізгі мақсаты-оқушылардың толыққанды психикалық және жеке тұлға ретінде дамуына ықпал жасау.             Негізгі міндеттері - оқушылардың оқу және тәрбие үрдісінде кездесетін нақты психологиялық мәселелерді шешу. Мектеп психологы жүмысының негізгі қағидасы-әр балаға жеке көзқараспен қарау: оның даму жолындағы қиындықтардың себебін және оларды жеңу жолдарын анықтау; оның мүддесін, мүмкіндігін, қабілетін одан әрі дамыту мақсатында анықтау; мектептегі оқу жылдарының барысында жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

Жаңартылған күні: 20.03.2019 09:44
Құрылған күні: 21.05.2020 15:39

Текст