"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету

         Білім беру объектілерінде балалардың қауіпсіз болуы бойынша шараларды күшейту мақсатында  2023 жылдың 22 ақпаны күні  «Балалардың қауіпсіздігін, соның ішінде  білім беру орындарында қамтамамсыз ету»  мәселесі бойынша Ақмола облысының ПД бастығы полиция генерал-майоры Д.А Таевтың төрағалық етуімен ведомствоаралық  мәжіліс өткізілді. Бейнеконференция байланысы арқылы осы  мәжіліске қатысу үшін аудан әкімшілігінің, өрткеқарсы қызмет, аудандық аурухананың, колледждың өкілдері, ауданның жалпыбілімберетін мектептерінің директорлары шақырылды.        

Осы мәжілісте жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық жағдайы,  оқушыларды тәрбиелеу бойынша жоспарланған алдын-алу іс-шаралары, мектептердегі бейнебақылау камераларының, қауіп нүктелерінің техникалық жағдайы, мектептерді цифрландыру, мектептерде лицензияланған күзетті енгізу мәселелері қарастырылды. Мәжіліс аяқталған соң,  Ақкөл ауданының ПБ бастығы полиция полковнигі Мейрам Жапбасов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде  зорлық-зомбылықты   болдырмау мен балалардың құқықтарын қорғау, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу, білім беру  қызметінің процесінде оқушылардың  өмірі мен денсаулының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар ең бастысы- әр баланың дамуы үшін жайлы жағдай  жасау екендігін атап өтті.

Жаңартылған күні: 23.02.2023 22:24
Құрылған күні: 23.02.2023 22:24

Текст