" />
Ж.Бектұров атындағы №3Ақкөл орта мектебінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал Ұрпақ» клубының
І жартжылдық бойынша атқарған жұмысы
2018-2019 оқу жылы
Мектепте «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс атқаруда. Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 9-10 сынып оқушылары арасынан 19 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. Клубқа 10-сынып оқушылары Кожахметова Дария, Оспан Саят, Еділұлы Нұржол, Маратова Алтынай, Аманжолова Дильназ, Жұмасыл Іңкәр, Жакупова Аделя, Куанышбаева Линара; 9-сынып оқушылары Ермағанбетова Айша, Өмірбек Ләйлім, Хаматай Мадина, Тұрсынбеков Мақсат, Моғжанов Ерқанат, Бегімбаева Айкен, Косбаханов Оразалы, Битуған Айсапар, Туменбаева Руза, Салыкова Камила.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Осындай міндеттерді негізе ала отырып, «Адал ұрпақ- болашақ негізі» атты тақырыбында жиын өтті. Мектеп ұжымы мен 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен жиын мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты немесе патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатын көздеді. Жиын барысында ел тарихына шолу жасалып, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар жайында бейнеролик көрсетілді.
Оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға,өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды.Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады.Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналысқа 5-11 сыныптан 30 ата-ана қатысты. Жиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа,төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсетілді. Ата-аналарға балаларда құқықты, заңдарды, құқылық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша жадынамалар таратылды. Бейне-фильмдер мен «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» тақырыптарында ақпараттар берілді.
Мектеп оқушыларының арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!»тақырыбында сурет көрмесі өтілді. Көрменің мақсаты оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті – құқықтық сананы қалыптастыру болды.
Сонымен қатар қыркүйек айында клуб мүшелері Оспан Саят және Кожахметова Дария аудан атынан командалық топ болып ІІ Облыстық слетке қатысып сетрификат алып келді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатында оқушылар арнайы бейнеролик түсіріп жіберілді.
Қараша айында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры М.К.Кусаинова жоғары сынып оқушыларымен кездесі ұйымдастырылды. Қазіргі таңдағы ең басты мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық барысында әңгіме жүргізілді.
Клуб мүшелері мектеп және аудандық іс –шараларға белсенді қатысады. Қазақстан Республикасын Тәуелсіздік күніне орай мектеп директоры А.А.Айтикеева клуб мүшелері Куанышбаева Линара және Оспан Саятты алғыс хатпен марапаттады.
