"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру бойынша жүргізілген жұмыстың барысы

  Кәсіптік бағдар беру - әр маман қызметкерлерінің қоғамның қажеттілігіне қарай оқушылардың қажеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс. Қарашаның 11-ші жұлдызында Астана қаласының "Қазақ технология және бизнес университеті" мамандары 9,11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар бойынша түсіндірме жұмысын жүргізіп, қызығушылықтарын оятып, ынталандыра білді. ҚазТБУ –тамақ, және жеңіл өнеркәсіп, мұнай-химия, тау-кен саласы, қонақжай индустриясы, туризм, бизнес және менеджмент, ақпараттық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау мамандықтары бойынша мамандарын даярлайтын еліміздегі бірегей университеті.Оқушыларымен кездесіп, онда оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландырып, кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу, оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бағыт берді. Оқушылар өз тараптарынан  қызыққан мамандар бойынша сұрақтар қойып, кеңес алды. Мамандықтар туралы насихаттаған маман иелері түлектерге сәттілік тілеп, мамандық таңдауда қателеспеуге тілек білдірді.

                                          

                                             Кәсіптік бағдарлаушы:               А.Ж.Ахметова

                                                                                             Куандыков К.К.

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 02.02.2023 12:18
Құрылған күні: 02.02.2023 12:18

Текст