"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Мектептің 0-11 сыныптары арасында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне  жоспар бойынша атқарылған арналған құттықтау бейнероликтері түсіріліп, мектептің әлеуметтік сайттарына жүктелді. Құттықтауларда оқушылар әже-апаларын, аналары мен әпке-сіңілдеріне арналған жыр шумақтары айтылып, ізгі ниет-тілектерін білдірді.

         2023 жыл 7 наурыздан бастап барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары құттықтаулармен басталып, кейбір сыныптарда аналарды құттықтаулармен жалғасып жатты. Іс-шараға келген аналарда өз өнерлерін ортаға салып, қыздарға ақыл кеңестерін берді.

         Мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы мен сынып жетекшілері «Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған» концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жиын басында мектептің қоғамдық істеріне белсене қатысып жүрген оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Бастауыш сыныптар оқушылары арасында «Аналарға арналады» қол өнер бұйымдар мен ашық хаттар жасалып, әжелер мен аналарымызға қолдан жасалған бұйымдарын сыйлыққа тарту етті.

Мектебіміз музыканты Жумагулова Гулназ Маратовна «Әуенді үзіліс» тақырыбында ұстаздармен караоке-баттл ұйымдастырды. Мектебіміз ұстаздары халық әндерінен караокемен айта отырып, нәтижеде Абдрахманова Гулнар Зайдулловна жүлделі орынды иеледі.

Жаңартылған күні: 20.04.2023 15:44
Құрылған күні: 20.04.2023 15:44

Текст