2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті еліміздегі жалпы орта білім беретін мектептерге кешенді талдау жүргізіп, Қазақстанның “Үздік 100 мектебі” тізімін жариялады.
Талдау барысында білім беру ұйымдарының келесі көрсеткіштері сарапталды:
білім сапасын сырттай бақылау нәтижелері;
PISA халықаралық зерттеулеріне қатысуы;
білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі;
мемлекеттік аттестаттау қорытындылары;
оқушылар мен педагогтердің жетістіктері;
тәрбие жұмысының тиімділігі;
түрлі жобаларға қатысу белсенділігі.
Аталған көрсеткіштер бойынша жоғары нәтиже көрсеткен Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп “Үздік 100 мектеп” қатарына енді.
Бұл жетістік – мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналар арасындағы тығыз байланыс пен бірлескен еңбектің нәтижесі.
Мектеп әкімшілігі баршаңызды осы үлкен жетістікпен шын жүректен құттықтайды! Бұл — біздің ортақ жеңісіміз!