"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кітапханаға кітап сыйла» – рухани жаңғыруға үлес

17.04.2025

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі біздің білім ордамызға «Кітапханаға кітап сыйла» атты ізгі ниетті акция аясында 150 дана кітап сыйлады. Бұл — мектепаралық байланысты нығайтып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тамаша бастама.

Сыйға тартылған кітаптар қатарында түрлі жанрдағы қызықты әңгімелер, ертегілер, өмірде болған әсерлі оқиғалар жинақталған. Әрбір кітап — бала жүрегіне жол табар, санасына сәуле құяр рухани байлық көзі. Бұл кітаптар оқушылардың тек оқу сауаттылығын арттырып қана қоймай, адамгершілік қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Мектебіміздің оқушылары мен ұстаздар қауымы осындай рухани сыйлық үшін Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымына зор алғыс білдіреді. Бұл — кітап арқылы мейірімділік пен білім таратуға бағытталған жарқын үлгі.

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дегендей, кітап арқылы ізгілік таратқан бұл игі іс өз жалғасын тауып, басқа да мектептерге үлгі болады деп сенеміз.

Просмотров: 36


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст