2025 жылдың 13 маусым күні мектебімізде 9-сынып түлектеріне арналған салтанатты кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл күн – балалықпен қоштасу, үлкен өмірге қадам басу сәті ретінде барша түлектердің жадында қалары сөзсіз.
Биылғы оқу жылында 61 оқушы 9-сыныпты сәтті аяқтап, түлек атанды. Олардың арасынан 6 озат оқушыға “Үздік аттестат” салтанатты түрде табысталды. Бұл – олардың үздіксіз еңбегі мен білімге деген құлшынысының нәтижесі.
Салтанатты шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен ашылып, тәрбиелік маңызы зор рухты сәтпен басталды. Кеш барысында әуезді әндер, көз тартарлық билер шырқалып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Жас өнерпаздар өз өнерлерімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Жиында ата-аналар атынан жүрекжарды тілек айтылып, балаларына деген сенім мен мақтаныш сезімі ерекше байқалды. Сынып жетекшілер атынан Халыкова Лаззат Халыковна сөз сөйлеп, шәкірттеріне жүрекжарды тілегін арнады.
Сондай-ақ, оқушылар атынан Өмірбек Ақберен мен Аманбол Назым сахна төріне шығып, ұстаздарына, ата-аналарына шын жүректен алғыс білдіріп, мектеппен қоштасу сәтін тебіреніспен жеткізді.
Бұл кеш – мектеп қабырғасындағы балалық шақтың соңғы естелігі ғана емес, арманға апарар жолдың алғашқы баспалдағы болды. Жаңа өмірге сенімді қадам басқан түлектерге тек сәттілік тілейміз!