"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тегін тамақтану есебі 2024

/public/files/2025/2/28/280225_171243_esep-tegn-tamatanu-2024-ghyl.docx

«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ   « 403008 - Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметі бойынша 2024 жылдағы қамқорлыққа алынған, жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен отбасынан келетін оқушылардың, ыстық тамақпен қамтудың  есебі

         Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру - олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабаққа үлгеру қабілетін арттырады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2020 жылғы 24 сәуірде № 158 бұйрығына сәйкес10 қосымша сәйкес «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ мектебінде осы айтылған дәйектерді басшылыққа ала отырып, 2024-2025 оқу жылының басында оқушыларға сапалы теңгерімді ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылды. Жалпыға бірдей міндетті білім қорынан мектептегі жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан және жетім, жартылай жетім оқушылар қамтылды. Аз қамтылған отбасы саны - 13, ондағы жалпы мектеп жасындағы балалар саны – 34 Ыстық тамақпен қамтылған жетім балалар саны - 15. Қамқорлыққа алынған бала саны- 2.

 

Мазмұны

 Саны

1

Мектеп бойынша жалпы бала саны

643

2

Мектеп бойынша ыстық тамақпен тамақтанатын оқушылардың жалпы саны

643-100%

3

Тегін тамақтанатын оқушылар саны

83

4

Жалпы бастауыш сынып оқушылары

222

5

Жағдайы төмен отбасынан шыққан бастауыш сынып оқушылары

18

6

Жалпы 5-11 сынып оқушылары

421

7

Жағдайы төмен отбасынан шыққан 5-11сынып оқушылары

34

 

Қантар айында – 99 оқушы, 1-4 сынып 233 оқушы

Ақпан айында – 99 оқушы, 1-4 сынып 233 оқушы

Наурыз айында-98 оқушы, 1-4 сынып 240оқушы

Сәүір айында -94 оқушы 1-4 сынып 237 оқушы

Мамыр айында 96 оқушы 1-4 сынып 234 оқушы

Қыркүйек айында -83 оқушы 1-4 сынып 228 оқушы

Қазан айында -83 оқушы 1-4 сынып 227 оқушы

Қараша айында- 82 оқушы 1-4 сынып 222 оқушы

Желтоқсан айында- 85 оқушы 1-4 сынып 222 оқушы

 

Ыстық тамақ есебі ай сайын АББ-не өткізіліп тұрды.
        Мектеп басшысының 01.09.2024 жылғы № 224 бұйрығы негізінде құрылған құрамында 6 мүшесі бар тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мектеп асханасында балалардың ыстық тамақпен қамтылуын апта сайын қадағалап тексеруде. Тексеру барысында біріншіден асхананың санитарлық жағдайы, екіншіден тамақтану кезінде оқушылардың санитарлық –гигиеналық тазалық талаптарының сақталуы, ас мәзірінің дұрыс әзірленуі, сақталуы, ас әзірлейтін азық-түліктің, дайындап әзірленген астың сапасы, үшіншіден асхана жұмысшыларының тазалығының, денсаулығының санитарлық талаптарға сай екендігі тексеріліп, анықталды. Комиссия мүшелері тексеру нәтижелерін арнайы журналға жазып, қолдарын қойып мөрмен бекітеді. Тексеру барысында ата-аналар комитетінің мүшелері де қатысып отырады. Сонымен қатар қыркүйек айының басында медбикелер тарапынан мектепте білім алушылар арасынан «Д» тобында есепте тұрған балалар тізімі анықталып, олар оқу жылы бойы сабаққа түрлі себептермен келе алмay қалған білім алушылардың орнын алмастырып отыратынын, сабаққа келмей қалған білім алушылар сынып жетекшілерінің көмегімен күн сайын алғашқы сабақтарда анықталып, оларды «Д» тобындағы білім алушылармен алмастыру жұмысы өз тарапынан жүргізіліп, мектеп медбикелері тарапынан қадағаланып отырады.
      Мектеп бойынша ыстық тамақпен оқушылардың 100 %-ы , буфет өнімімен 35 %-ы қамтылған. Мектеп асханасы ыдыспен, қажетті құрылғылармен жабдықталған. Мектепте сонымен қатар оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге байланысты құжаттар : мектеп әкімшілігінің асханада кезекшілік ету кестесі, тамақтануды ұйымдастыру жоспары, мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы бұйрық пен бракеражды комиссия құрамы бекітілген . Мектеп директоры бекіткен тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар тізімі, СЭҚ бекіткен ас мәзірі және бракеражды комиссия журналы бар. Schoolchildren асханада қайнатылған су қойылып, қол жууға жағдай жасалған. Мектеп медбикесі оқушылардың денсаулық жағдайы мен дұрыс тамақтануын қадағалап отырады. Қыркүйек айынан бастап комиссия мүшелері қазіргі күнге дейін ата – анадан түскен өтініштерді қабылдап, жинақтаған құжаттарды  рәсімдеуде.
 


Текст