Рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
мақсатында, оқушыларға халқының өткенін ұмытпауға, әділетсіздікке төзбеуге, өз
туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған
ағалар ісін үлгі ету.
Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта
мектебінің 8 «В» сынып оқушылары желтоқсан
айының басында Астана қаласына таяу жерде орналасқан Ақмол поселкесіндегі
«Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалды-музей
кешеніне барды.
Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең
асыл азаматтарынан айырылып қалды. Сталин кезіндегі жазалау шаралары Гитлердің
жазалауынан асып түсті. Еуропада мыңдаған, миллиондаған тұтқындарды Ұлы Отан
соғысы кезінде Гитлерлік жазалаушылар өртеп жіберсе, ал Сталин жендеттері
Кеңестік миллиондаған тұтқындарды жер ананың түпкір-түпкірінен жасырып көмді.
Ана күйеунен, бала анасына айырылды... Бұған Астана қаласының маңындағы
лагерьлердің 26-нүктесі куә бола алады. Ал абзал аналар күйелерінен бір
қылмысты іске қатысты делініп, шетінен түрмеге қамалды. Отбасы, ошақ қасынан
айырылды. Үйлерінен «Халық жауының әйелдері» деп қуып шығарды. 1997 жылы саяси
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы боп аталып өтті, ал 31 мамыр қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев
мамырдың 31-күні Астанадан 40 шақырым жердегі бұрынғы Малиновка мекені қазір
таңда саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм тарихы мұражай кешенін ашты. 3
гектарға жуық жерде мұражай, ескерткіш және саяси репрессия құрбандарының
тізімі жазылған тас бар.