"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

02.12.2017

Биология 6 Ә сынып

Күні: 24.11.2017

Сабақтың тақырыбы: Жемістер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жемістердің құрылысын,

олардың бір-бірінен ерекшеліктерін ажырата білу.

Тәрбиелік: Қиынжағдайларда досқа көмек көрсете

білуі;

Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін арта отырып,

алған білімін пайдалана білуі;

Сабақтың

барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу үшін әр елдің амандасу алтындағы ишараларды

пайдалану.

Оқушыларды 4-топқа топтастыру. (өздерінің қалаулары

бойынша топ аттарын белгілеу)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

кезеңі

Топтар жеке жасайды

Желмен және бунақденелілермен

айқас тозаңданатын өсімдіктерге тән

түсініктемелердегі белгілердің рет санын тиісті орнына жаз:

Желмен айқас тозаңданатын

өсімдіктер

Бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктер

1, 3, 5, 7, 9, 10, 12

2, 4, 6, 8, 11

 

1.Тозаңдары құрғақ, майда,

жеңіл, өте көп. 2. Гүл күлтелері ашық реңді. 3. Аталық жіпшелері ұзын, төмен

қарай иіліп сәл ғана қимылға тербеліп тұрады. 4. Гүлдері аңқыған хош иісті. 5.

Гүлдері реңсіз. 6. Гүлдеріндегі шірнеліктерінен тәтті шірне бөледі. 7. Аналық

аузы ірі, түкті. 8. Гүлдерінде иіс болмайды. 9. Тозаңдарының ең сыртқы қабығы

қалың, тікенкеті, ілмешекті, бүртікті, өсінділері болатындықтан тегіс емес. 10.

Гүлдері көбінесе жай гүлсерікті. 11. Гүлдері қос гүлсерікті, пішіндері алуан

түрі. 12. Гүлінде шірнеліктері болмайды.

 

Топтардың жауаптарын бағалау.

 

Жаңа тақырып:

«Миға шабуыл»

Жұмбақ: Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі.

(жеміс)

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жемістер»

Сабағымыздың мақсаты: Жемістердің құрылысын және олардың бір-бірінен ерекшеліктерін ажырата білу.

Жеміс  (лат. fructus) — жабық

тұқымды өсімдіктер өнімі.

Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні,

көлемі, түсі әртүрлі болады.

Оқушыларға жаңа тақырыпты

екі бөлімге бөліп, оқыту. (жеке жұмыс)

Оқушылар оқыған

білімдерімен бөліседі. (жұптық жұмыс)

Топқа берілген тапсырманы

толық орындайды.

Тапсырмалар

 

 

І-топ тапсырмасы

1. Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады?  (Аналықтың жатын бөлігінен)

2. Жеміс  неше топқа бөлінеді? Екі топқа: шырынды және

құрғақ

3. Шырынды жемістер неше түрге бөлінеді? Үшке:

жидек, жидек тәрізді, сүйек шырынды

4. Құрғақ жемістер неше топқа бөлінеді? Сегізге:

Бұршаққап, Бұршаққын, Қауашақ, Қанатты жеміс, Дән, Тұқымша, Жаңғақ, Жинақталған

жеміс

 

ІІ-топ тапсырмасы

1. Неліктен құрғақ жемістер деп аталады? Қабығы

қатты сүректенген, құрғаұ (кебу)

2. Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске

жатқызбайды?

3. Күнбағыс қандай жеміске жатады? Құрғақ,

тұқымша

4. Жемістер дегеніміз не? Жеміс  (лат. fructus) — жабық

тұқымды өсімдіктер өнімі.

Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні,

көлемі, түсі әртүрлі болады.

 

ІІІ-топ тапсырмасы

1. Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын

түсіндіріңдер. Бұршаққап бір ұялы, бұршаққын екі ұялы

2. Қауашақ дегеніміз не? Бір, үш, бес және көп

ұялы, көп тұқымды

3. Қайың қандай жеміске жатады? Құрғақ, Қанатты

жеміс

4. Жидек тәрізді жемістерге қандай жемістар

жатады? Апельсин, мандарин, лимон

 

IV-топ тапсырмасы

1. Құрғақ жемістер неше топқа бөлінеді? Сегізге:

Бұршаққап, Бұршаққын, Қауашақ, Қанатты жеміс, Дән, Тұқымша, Жаңғақ, Жинақталған

жеміс

2. Сүйекті жемістер дегеніміз не? Сыртқы қабаты

жұқа, ортаңғысы қалың етті - шырынды, ішкі қабаты қатты сүйектеген

3. Үйеңкі қандай жеміске жатады? Құрғақ, қанатты

жеміс

4. Бидай қандай жеміске жатқызылады? Құрғақ

жеміс, дән

 

Сергіту сәті:

Әр топтан бір оқушы шығады

Ортада тұрған ыдыстағы жемісті алып, білекті

бүкпей жеуге тырысу қажет.

Шын мәнінде олай істеуге қиындық туғызады.

Тек оқушылар бір-біріне жегізу арқылы орындай

алады.

Тұжырым: Қандай жағдайда болмасын мақсатқа жете

білу қажет. Оқушыларда досқа көмек беру арқылы жүзеге асырылады.

 

Қорытынды: Топтардың берген жауаптарын тыңдау.

 

Бағалау: 

Оқушылар бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалайды. Сабаққа

толықтай қатыса алмаған оқушыларға үйге тапсырмалар беріледі. Келесі сабақта

толық орындай алса тиісті бағасын алады.

Үйге тапсырма: «Жемістердің адам өміріндегі маңызы» тиісті оқушыларға

тапсырмаларды беру.

   

Желмен және бунақденелілермен

айқас тозаңданатын өсімдіктерге тән

түсініктемелердегі белгілердің рет санын тиісті орнына жаз:

Желмен айқас тозаңданатын

өсімдіктер

Бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктер

 

 

 

1.Тозаңдары құрғақ, майда,

жеңіл, өте көп. 2. Гүл күлтелері ашық реңді. 3. Аталық жіпшелері ұзын, төмен

қарай иіліп сәл ғана қимылға тербеліп тұрады. 4. Гүлдері аңқыған хош иісті. 5.

Гүлдері реңсіз. 6. Гүлдеріндегі шірнеліктерінен тәтті шірне бөледі. 7. Аналық

аузы ірі, түкті. 8. Гүлдерінде иіс болмайды. 9. Тозаңдарының ең сыртқы қабығы

қалың, тікенкеті, ілмешекті, бүртікті, өсінділері болатындықтан тегіс емес. 10.

Гүлдері көбінесе жай гүлсерікті. 11. Гүлдері қос гүлсерікті, пішіндері алуан

түрі. 12. Гүлінде шірнеліктері болмайды.

 

 

 

Желмен және бунақденелілермен

айқас тозаңданатын өсімдіктерге тән

түсініктемелердегі белгілердің рет санын тиісті орнына жаз:

Желмен айқас тозаңданатын

өсімдіктер

Бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктер

 

 

 

1.Тозаңдары құрғақ, майда,

жеңіл, өте көп. 2. Гүл күлтелері ашық реңді. 3. Аталық жіпшелері ұзын, төмен

қарай иіліп сәл ғана қимылға тербеліп тұрады. 4. Гүлдері аңқыған хош иісті. 5.

Гүлдері реңсіз. 6. Гүлдеріндегі шірнеліктерінен тәтті шірне бөледі. 7. Аналық

аузы ірі, түкті. 8. Гүлдерінде иіс болмайды. 9. Тозаңдарының ең сыртқы қабығы

қалың, тікенкеті, ілмешекті, бүртікті, өсінділері болатындықтан тегіс емес. 10.

Гүлдері көбінесе жай гүлсерікті. 11. Гүлдері қос гүлсерікті, пішіндері алуан

түрі. 12. Гүлінде шірнеліктері болмайды.

 

 

 

 

 

І-топ тапсырмасы

1. Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады? 

2. Жеміс 

неше топқа бөлінеді?

 3. Шырынды

жемістер неше түрге бөлінеді?

4. Құрғақ жемістер неше топқа бөлінеді?

 

 

 

 

ІІ-топ тапсырмасы

1. Неліктен құрғақ жемістер деп аталады?

2. Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске

жатқызбайды?

3. Күнбағыс қандай жеміске жатады?

4. Жемістер дегеніміз не?

 

 

ІІІ-топ тапсырмасы

1. Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын

түсіндіріңдер.

2. Қауашақ дегеніміз не?

3. Қайың қандай жеміске жатады?

4. Жидек тәрізді жемістерге қандай жемістар

жатады?

 

 

 

 

IV-топ тапсырмасы

1. Құрғақ жемістер неше топқа бөлінеді?

2. Сүйекті жемістер дегеніміз не?

3. Үйеңкі қандай жеміске жатады?

4. Бидай қандай жеміске жатқызылады?

 

Просмотров: 562


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст