"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінің мұражайына қош келдіңіздер!

Қайырлы  күн, құрметті  қонақтар! Ж.Бектұров  атындағы №3 Ақкөл  орта мектебінің  мұражайына  қош келдіңіздер!

Жайық Кәгенұлы Бектұров  қазақ әдебиетінің керегесін көтеріп, шаңырағына уық шанышқан жазушы, ақын, аудармашы,журналист, публицист, дарынды зерттеуші. Жайық Кәгенұлы Бектұров  1912 жылы дүниеге келген. Ежелден моншақты атанған (қазіргі Ақмола облысы, Алексеев ауданы, «Үріті» ауылы) Ақкөл атырабы Жайық Бектұровтың кіндік қаны тамып, табан ізі түскен құтты мекен. Алғаш ауылдағы молдадан сабақ алып, ескіше хат таныған ол шаруа жастары мектебінде оқыған. Жайық Бектұров еңбек жолын ұстаздық етуден бастапты. Жайық Бектұров 30-шы жылдардың басында қолына қалам алып, Ақмола қаласында шығатын «Сарыарқа» газетіне ел тұрмысынан шағын хабарлар жаза бастады. Жайық Бектұровтың ұзақ жылдарға созылған журналистік жазушылық еңбегінің бастау алған жері – осы Ақмола атырабы, «Сарыарқа» газеті. Ол содан бері ауыл, қала, интеллегенция, жастар өмірінен көптеген очерктер, әңгімелер, қазақ жазушылары жайлы әдеби сын, мақалалар жазады.

Ол 1934 жылы ҚазССР-інің Халық ағарту комиссариатының мұғалімдер курсын бітірген,1934 жылы Қазақ коммунистік университетін, ал 1955 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тәмәмдаған. Жайық Бектұров 1932-1937 жылдары комсомол қызметінде болған, азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұров (1937-1939) жылдары республикалық «Лениншіл жас» жастар газетінің редакторының орынбасары, «Социалистік Қазақтан» газетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары міндетін, Жамбыл облыстық газетінің жауапты редакторы, сонмен қатар соғыс басталғанда дивизиялық газеттің редакторы болған. 1942 жылы мамыр айында Жайық Бектұров қамауға алынып, КСРО НКВД-сінің айрықша кеңесінің шешімімен РФСР Қылмыстық істер кодексінің 58-ші бабымен сырттай он жылға кесіліп, Солтүстік Оралға жер аударылды. Жабылған жала тек қана 1955 жылы ҚазССР Жоғарғы сотының Президиумының шешімімен күшін жойып, ал 1989 жылы түбегейлі ақталды. КСРО Жазушылар одағының, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі, партия мен еңбек ардагері Жайық Кәгенұлы Бектұровтың қоғамдық және әдеби өмірдегі еңбегі оған атақ-абырой әкеліп, жұртшылықтың құрметіне бөледі. Публицист Жайық Бектұров өзінің ауқымды да бейнелі сөздерімен Орталық Қазақстанның көптеген фактілері мен тарихи оқиғаларын көпшіліктің жадына қалдырды. Ол республиканың әдеби ортасында, кеншілер өлкесінің қалыптасуы мен дамуының, оның орталығы – Қарағандының шежіресін жазушы ретінде белгілі. Жайық Бектұров өзінің шығармашылық және ұйымдастырушылық таланты арқылы облыс пен республиканың мәдени өміріне үлкен елеулі үлес қосты. Ол Қарағанды және Қарағанды облысының энциклопедиясының жасаушылардың бірі болды. Оның көп жылғы әрі тынымсыз еңбегі көптеген үкімет наградаларымен марапатталған. 1977 жылы «Жол жоралғысы» деген кітабы шықты. Бұл жинаққа қаламгердің Ы.Алтынсаринмен, Ш.Уалиханов, Григорий Николаевич.Потанин, қобызшы-жыршы Николай Николаевич.Атабеков жайлы тарихи-көркем очерктері енгізілген. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қажымай жинап, бастырудағы еңбегі өз алдына бір сала. Жайық Кәгенұлы Бектұров Абай Құнанбаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Саттар Ерубаев, Әбділда Тәжібаев, Тайыр Жароков, Зейін Шашкин және өзге де қазақ ақын-жазушылары жайында көптеген сын, мақалалар жазған. Жазушы басқа ұлттардың әдебиетін озық үлгілерін қазақ оқырмандарына танытуда көп жұмыс тындырды. Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бетінде жазушы Азия, Африка елдері қаламгерлерінің бірнеше әңгімелерін аударып бастырған. Кейінгі жылдары, яғни 1991 жылы «Өткел» өлеңдер жинағы, ал 1997 жылы «Қазақстан» баспасынан «Таңба» атты кітабы жарық көрді. Бұл кітап еліміздің шежіресіне қара таңба болып басылған отызыншы-қырықыншы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің алапат ащы шындығы жайында, сол нәубеттің құрбаны болған тұғырлы тұлғалар, талай тағдырлар жайында баян ететін туынды. Мұның жарық көруінің арасы 40 жылдай уақытқа созылған екен. Жалпы бұл шығарма азап лагеріндегі өмірді қазақ әдебиетінде бейнеленген тұңғыш еңбек, Ал   “Енеден ерте айрылған төл секілді…” атты кітабы – қазақтың біреуге бодан болған заманы мен бүгін өз алдына егемен ел болған кезеңін жалғап тұрған көсем ойының бір алтын жібі десе болады. 1998 жылы 26 наурызда сексен алты жасына қараған шағында журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұров өмірден өтті. “Өлді деуге бола ма, өлмейтұғын артында сөз қалдырған” деп абай атамыз айтқандай Жайық Бектұровты өмірден өшіріліп кеткендер санатына қоса алмаймыз. Ол кісінің қалдырған мұралары көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың жадында мәңгіге сақталады. Жазған дүниелері тарихтың құнды құжаттарына айналатыны ақиқат. Қаламгердің жеке мұрасының мұрағат қорына алынды, өзі тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылған, Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасына Жайық Бектұров аты беріліп, онда кабинет-мұражай ашылды.

  • Жайық Бектұров - аңыздар мен тарихи деректерді дәлелді деректермен дәлелдеген зерттеуші;
  • Географиялық және топонимикалық атаулардың мән-мағынасын анықтап хаттаған;
  • Ойы жинақылығымен, тілі шеберлігімен ерекше аталатын ақын;
  • Қазақ әдебиетінің қалыптасып молығуына әсері бар, дүние жүзіне танылған шығармаларды аударған аудармашы;
  • Әдеби шығармалардың талап деңгейінде болуы үшін үнемі өз пікірін білдірген сыншы;
  • Шыңыраудан шығар ащы шындықты қару еткен көркем шығармалардың авторы;
  • Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап өмірінің соңына дейін әдебиет саласында қаламы қарымды болған қаламгер;
  • Жайық Бектұров – бүгінгі күні әдебиет сахнасында өзіндік орны бар көптеген қаламгерлердің, қоғам қайраткерлерінің рухани ұстазы;
  • Жайық Бектұров – халқы аса үлкен ілтипатпен құрмет тұтатын өзі өлгенмен  аты өлмейтін тұғыры биік тұлға. Қаршадайынан тар жол тайғақ кешуді түрлі қиындықтарды басынан кешіп өткір де, шыншыл шығармаларында өзі өмір сүрген қоғамдық құрылыстың әділетсіздігін ұзақ жылдар бойы қыспақтан қазақ халқы шеккен азап сырын аша отырып, тәуелсіздік тұсында қайталанбауға тиіс өткеннің қателіктерін таңбалап көрсеткен тұлғаның есімін мақтанышпен еске аламыз.

Музейде  Жайық  Кәгенұлының  еңбектері, ғылыми еңбектерінің  көшірмесі,видеороликтер, ой-пікірлер  жинақталды. Музейімізге мәліметтер қорын 2016 жылы мектебізден бір топ мұғалім болып, Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасына Жайық Бектұров атындағы мұражайға экскурсияға барып, көптеген мәліметтер мен тарихи естеліктер хорын музейге жинақтадық.   

Музейдегі  екінші  бұрыш  алғашқы  қазақ  сыныбының  ашылғандығынан мәлімет жинақталды. Алғаш қазақ  сыныбына  қабылданған  оқушылар, пән  мұғалімдері туралы  анықтамалық  деректер  топтастырылды. Алғашқы қазақ сыныбында 15 оқушыдан құрылды.  Шатаева Кулияш Әбділдашқызы алғаш қазақ бастауыш сыныбының мұғалімі болды.

“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет” дегендей  биылғы оқу жылында аудандық және облыстық олимпиадалар мен байқаулар, ғылыми жобаларға бастауыш, орта және жоғарғы буындары қатысып жүлделі орындарға ие болды.

  Ұстаздарымыздың арасында ардагер ұстаздарымыз, әнші ұстаздар, облыстық үздік педагог байқауларына  тәжірибелі және жас ұстаздарымыз қатысып жүлделі орындарға ие болды. Барлық ұстаздарымыздың ізденіспен, шығармашылықпен жеткен жетістіктері мен біліктіліктері баршылық.

Мектебімізде  жыл  сайын  оқушыларымыз өз білімдерін  ақтап  «Алтын белгі» иегерлері  атануда. 2011 жыл Қазақ мектеп  құрылған жылдан бүгінгі таңда мектебімізден 18 түлегіміз  «Алтын белгі» иегерлері атанды.

Мектебіміздің беделі мен абыройы ол біздің ұстаздарымыздың арқасында..

1 Бекишева Сауле Боранбайқызы орыс тілі пәнінің жоғары санатты ұстазы, еңбек өтілі 48 жыл, Мектебізізде 25 жыл қызмет атқарып, қазіргі таңда ардагер ұстазымыз.Қазақ ССР Б.Сапарбаевтің Құрмет грамотасымен марапатталған.2015 жылы Елбасының  Жарлығымен  ҚР ның Құрмет Грамотасымен марапатталған.

2. Мейрманова Алтынай Жұмажановна математика пәнінің жоғары санатты ұстазы,еңбек жолын ұрпақ тәрбиесіне арнаған-ардагер ұстазымыз. Көп жылғы мінсіз еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, білім жолвндағы жемісі үшін ҚРБ министрлігінің Құрмет грамотасымен, СҚ облысы әікмінің алғыс хатымен марапатталған. Қызылжар өңірінің зиялы қауымы кітабынада еңбегі, тәжірибесі туралы басылымға шыққан. Қазіргі таңда ұстаз, көп балалы ана, аяулы әже.,

  • 3.  Еркін Дәуешұлы Дәуешов 1987-2002 жылдары Ақкөл ауданынң білім меңгерушісі болған, «Құрмет орденімен марапатталған», ақкөл ауданын құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Еркін Дәуешұлы Дәуешов- жайықтанушы №3 АОМ-де қазақ сыныбын ашуды ұйымдастурушы. Мектебімізге Жайық Бектұров есімін бергізуге көп еңбегін сіңірді.

4. Хамила Құлыбекқызы Әлбатырова 1941 дүниеге келген, ауданымыздың, Кеңес, Қарабұлақ, Сілеті Ақкөл мен Астана Қалаларының №3 мектептерінде ұстаздық етті, сынып жетекшілік міндетінде алда болды. Жалпы ұстаздық қызметі 52 жыл абыроймен атқарды. 6 баланың анасы Күміс алқа иегері.

6. Баян Балғожақызы Әкімова –еңбек жолын 43 жыл бұрын бастады, 10 жылдан астам уақыт Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарған. Ақкөл ауданының мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан. 2013 жылы халықаралық «Үздік адамдар» энциклопедиясына есімі енгізілген.

7. Шатаева Кулияш Әбділдашқызы  мектебіміздің тұңғыш қазақ сыныбының бастауыш сынып мұғалімі,

Еңбек өтілі 38 жыл.8.

9.Канатова Рауза Махметқызы –Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл қаласы, жетім балалар мен  мен ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 балалар үйі» КММ директоры, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 1993-2003м  №3 АОМ директоры, 2012-2013 жж Ақкөл ауданы ББ басшысы тб да қызметтер атқарылды.

10. Карпыкбаева Гульнур Шегебаевна  - 1996 жылы Ақкөл қаласына келип,  2002 жылға дейін химия, география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

11. Нурова Рахима Шәкірқызы – матаематика пәнінің жоғары санатты мұғалімі, мектебімізде 22 жылдан астам уақыт қызмет атқарды. 1989-1991 жж Торғай облысы, Қиима ауданы Кеңарал кеңшарында «Үкі орта мектебінде» алғаш қазақ сыныбын ашты.  Торғай облыстық білім басқармасының грамотасы және Ақкөл аудан білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

13. Сарсенбеков Серік Камалиденұлы – бастауыш әскери оқу пәнінің жоғары санатты мұғалімі, еңбек өтілі 42 жыл, мамандығы бойынша 38 жыл қызметін атқаруда. Еңбек жолындағы жетістіктері. Ақкөл ауданы әкімінің мадақтамасы, Ақкөл ауданы қорғаныс бөлімінің мадақтамасы, ҚР вице министрінің мадақтамасы. «Отан» құрмет белгісі, С.К.Нұрмағамбетов атындағы «Халық қаһарманы» медалімен марапатталған.

 “Өлді деуге бола ма, өлмейтұғын артында сөз қалдырған” деп Абай атамыз айтқандай Жайық Бектұровты өмірден өшіріліп кеткендер санатына қоса алмаймыз. Ол кісінің қалдырған мұралары көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың жадында мәңгіге сақталады. Жазған дүниелері тарихтың құнды құжаттарына айналатыны ақиқат. Мектебіміз  атын ұстанып жүрген  қаламгердің жеке мұрасына арнап музей ашылды.

Мені іздеп жоқтаушы да табылар деп,

Біраз жұрт сөзімді де сағынар деп,

Сымбатты сәнді мүсін қоймаса да,

Ойлаймын бір тасқа атым жазылар деп...,-

деп жырлаған Ақкөл ауданының мақтанышы, жерлесіміз Жайық Кәгенұлы Бектұровтың аты бүгінде оқушыларға мемлекеттік тілде білім беретін мектепке беріліп отырғаны біз үшін үлкен мақтаныш, үлкен мәртебе.

 

 

Жаңартылған күні: 24.04.2020 12:30
Құрылған күні: 24.04.2020 12:30

Текст