2019 жылдың 1-3 желтоқсан күндері Алматы қаласында физика, математика мұғалімдері арасындағы VII Халықаралық олимпиада болып өтті.Іс-шараның мақсаты: мұғалімдердің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, шығармашылық ізденіске ынталандыру. Республика бойынша барлық облыстардан және шет мемлекеттерден 400 мұғалім ішінен іріктеліп 170 ұстаз қатысты. Ақмола облысынан 6 мұғалім, солардың бірі болып біздің Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінің математика пәні мұғалімі Тілеухан Бекнар ат салысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Ақмола облысы жүлделі 3 орын иеленіп қатысушылар дипломмен мараппатталды. Коммисия мүшелері әйгілі математик Асқар Жұмаділдаев, ҚР математика ассоциацияның президенті Қайрош Байсейітұлы дәрістер оқып, олимпиаданы, қыр-сырын түсіндіре отырып мұғалімдерге мотивация берді. Мұғалімдеріміз осындай ірі сайыстар арқылы физика-математика саласы дәріптеліп, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығы арта түседі деген сенімдеміз.