"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды ажырату

Пән: Жаратылыстану

Мектеп: Ж.Бектұров ат. №3 АОМ

Күні:09.10.20.

Мұғалімнің аты-жөні: Клышева Д.К.

Сынып: 4А-сынып

Қатысқандар саны:12

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Неліктен әр жануардың қорегі әр түрлі болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.2.3 Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды ажырату

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланысы туралы біледі, жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттайды, оларды түрлі белгілері бойынша топтарға жіктей алады. Көптеген оқушылар: Түрлі жануарлар қалай қоректенетінін біледі, өз өлкесіндегі мекен ететін жануарларды біледі.

Кейбір оқушылар: Жануарлардың тіршілік ортасындағы жағдайлардың, адамның іс-әрекетінің жануарлардың санының азаюына әсер ететінін біледі.

Бағалау критерийлері

  • Оқушылар жануарлардың өсімдікқоректі және жыртқыш болатынын, қоректік тізбек және оның әр буыны сақталуының маңызын түсінеді.
  • Тұрғылықты жердегі жануарлар туралы көп білуге ынталанады. Жануарлардың табиғаттағы орнын түсінеді және оларды сақтаудың жолы мен амалдары туралы біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты           Пәндік лексика және терминология          Диалог/жазу үшін пайдалы фразалар сериясы

Оқушылар

-өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлардың айырмашылығын атайды;

-өз өлкесіндегі өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды сипаттайды;

-қоректің тізбектің құрылымын сипаттайды;

-жануарларды қорғаудағы ұлттық саябақтар мен қорықтарды құрудың рөлі туралы әңгімелейді.

Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлар,

қорек тізбегі, құрылым, қорық, Ұлттық саябақ, қорғау.            

Талқылау үшін сұрақтар:

Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлардың айырмашылығы қандай?

Қандай өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды білесің?  Олар туралы не айта аласың?

Жазуға арналған тапсырмалар:

Өздерің тұратын жердегі жануарларды сипатта.

Оларды түрлі белгісі бойынша топтарға жікте.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім

 

Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланысы туралы біледі, жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттайды, оларды түрлі белгілері бойынша топтарға жіктей алады. Түрлі жануарлар қалай қоректенетінін біледі, өз өлкесіндегі мекен ететін жануарларды біледі. Жануарлардың тіршілік ортасындағы жағдайлардың, адамның іс-әрекетінің жануарлардың санының азаюына әсер ететінін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сергіту жаттығуы

«Менің сүйікті жануарым»  әр  бала  өздерінің жақсы  көретін жануарының суретін әкеледі, ортаға шығып өз жануары туралы айтып береді.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
  • Уақытты үнемдейміз!
  • Нақты,дәл жауап береміз!
  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру

Тест «Бір жеті»

  • 1. Туыстық қатынас жоқ, түрлері ұқсамайды, біржақты пайда көреді. Бұл қатынастың қай түрі ? а/симбиоз    в/бәсекелестік   с/мутализм
  • 2. Туыстық қатынас бар, түрлері ұқсайды, төбелеседі. Бұл қатынастың қай түрі ? а/бейтараптық   в/мутализм    с/бәсекелестік
  • 3. Гүл мен көбелектің арасындағы қарым-қатынас түрі қандай ?                             а/симбиоз   в/бейтараптық   с/мутализм
  • 4. Бунақденелілердің денесі неше бөліктен тұрады ? а/1   в/2    с/3
  • 5. Ненің дамуында ҚУЫРШАҚ деген саты болады ? а/аю    в/көбелек    с/кесіртке
  • 6. Бунақденелінің жұмыртқасынан не пайда болады ?                                                      а/дернәсіл   в/балапан   с/жануар
  • 7. Жұлдызқұрт қай бунақденелінің дернәсілі ?                                                                          а/қаңқыз    в/көбелек    с/шегіртке

Дескриптор :

- әр сұраққа дұрыс жауабын табады

 

 

 

 

 

 

 

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала

ры

Сабақтың ортасы

Ребус шешу : сабақтың тақырыбын анықтау

 

Бейнеролик 1

Жануарлардың қорегі әртүрлі болады

 

 

Сабақтың мақсаты анықталады

 

Бейнеролик 2

Жануарлардың түрлері

 

Бейнеролик 3

Жануарлардың ерекшеліктері

 

 

Белсенді оқу тапсырма

лары.

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

 

 

Сабақтың қорытындысы жасалады .

Үйге тапсырма беріледі

Рефлексия «Смайлик» әдісі.

Түрлі түсті

суреттері бар

журналдар,

флипчарт, желім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс Смайлик әдісі тапсырмалары  арқылы білдіре алады.

       

 

Жаңартылған күні: 19.11.2020 15:15
Құрылған күні: 19.11.2020 15:16

Текст