"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

21.10.2017

Шежіре кеуделі Жайық Бектұров

 

Музыка

 

1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді әлеумет!

 

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,

ұстаздар қауымы, оқушылар!

 

1-жүргізуші:

    Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

    Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді ғой.

    Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

    Қош келдіңдер, халайық, сергісін бой.

 

2-жүргізуші: Бүгінгі кеш, салтанат аты аңызға

айналған, жұрты сүйіп тыңдаған қазақтың ұлттық әдебиетінің зиялы өкілдерінің

бірі, керегесін көтерісіп, шаңырағына уық шанышқан жазушы, ақын, аудармашы,

журналист, дарынды зерттеуші Жайық Кәгенұлы Бектұровтың еске алу кешіне арналады.

 

«Мұрагер» домбыралық ансамблінің орындауында күй шашу

 

 Дорж

Март:

Құт ағылып, төсінен түлік ерген,

Ұлы туылса дана болып іріленген.

Даналардың туған жері бұл

топырақ,

Сондықтан да бөлекше жырым

елден,-

деп даналар жырлағандай ұлылыққа

толы байтақ дала өзінің ұлдарын жырға қосудан, мерейін асырудан жалыққан емес.

Жайық Кәгенұлы Бектұровтың артына мол мұра қалдырған, сөйлеп кетсе аузына бар

елді қаратқан, көргені ұлан-асыр, білгені телегей-теңіз шежіре жазушы екенін

мына бір деректерден де аңғаруға болады.

-        

Жайық Бектұров - аңыздар

мен тарихи деректерді дәлелді деректермен дәлелдеген зерттеуші;

-        

Географиялық және

топонимикалық атаулардың мән-мағынасын анықтап хаттаған;

-        

Ойы жинақылығымен,

тілі шеберлігімен ерекше аталатын ақын;

-        

Қазақ әдебиетінің

қалыптасып молығуына әсері бар, дүние жүзіне танылған шығармаларды аударған

аудармашы;

-        

Әдеби шығармалардың

талап деңгейінде болуы үшін үнемі өз пікірін білдірген сыншы;

-        

Шыңыраудан шығар ащы

шындықты қару еткен көркем шығармалардың авторы;

-        

Өткен ғасырдың

60-жылдарынан бастап өмірінің соңына дейін әдебиет саласында қаламы қарымды

болған қаламгер;

-        

Жайық Бектұров – бүгінгі

күні әдебиет сахнасында өзіндік орны бар көптеген қаламгерлердің, қоғам

қайраткерлерінің рухани ұстазы;

-        

Жайық Бектұров –

халқы аса үлкен ілтипатпен құрмет тұтатын өзі өлгенмен  аты өлмейтін тұғыры биік тұлға. Қаршадайынан

тар жол тайғақ кешуді түрлі қиындықтарды басынан кешіп өткір де, шыншыл шығармаларында

өзі өмір сүрген қоғамдық құрылыстың әділетсіздігін ұзақ жылдар бойы қыспақтан

қазақ халқы шеккен азап сырын аша отырып, тәуелсіздік тұсында қайталанбауға

тиіс өткеннің қателіктерін таңбалап көрсеткен тұлғаның есімін мақтанышпен еске

аламыз.

Мені іздеп жоқтаушы да табылар

деп,

Біраз жұрт сөзімді де сағынар

деп,

Сымбатты сәнді мүсін қоймаса да,

Ойлаймын бір тасқа атым жазылар

деп...,-

деп жырлаған Ақкөл ауданының

мақтанышы, жерлесіміз Жайық Кәгенұлы Бектұровтың аты бүгінде оқушыларға

мемлекеттік тілде білім беретін мектепке беріліп отырғаны біз үшін үлкен мақтаныш,

үлкен мәртебе.

Худобина В.Р:

     105 лет  назад в нашем районе родился невероятный

человек – Жайык  Кагенович Бектуров.  Начал свою деятельность в 15 лет учителем,

затем работал писателем, переводчиком, журналистом, являлся членом

географического общества. 

 

Жайык Кегенович прошел через множество испытаний и, вместе с тем, прожил

прекрасную жизнь, которая может служить поучительным примером для последующих

поколений. Его произведения, написанные о трудных периодах истории, очевидцем

которых он был, о славных сыновьях и дочерях нашего народа, занимают достойное

место в казахстанской духовной сокровищнице.

Он

отдавал всего себя для того, чтобы его земляков-казахстанцев чтили и помнили.

Это его усилиями установлены мемориальные доски в местах пребывания

Ш.Уалиханова, С.Сейфуллина не только в Казахстане, но и в России. В 1967 году

по предложению Карагандинского межобластного Союза писателей Казахстана на

фасаде здания бывшей учительской семинарии в Омске были установлены

мемориальные доски в память о С.Сейфуллине и Н.Нурмакове. И, находясь у истоков

Независимости нашей страны, Бектуров помогал вернуть исторические названия

городам и поселкам.

   Изучая жизнь и творчество Жайыка Кегеновича Бектурова, мы

неизменно вспоминаем, с чего начиналась наша Независимость.

1-жүргізуші:

Сазыменен сары

даланы тербеген,

Жазған қазақ

көңілді де, шерлі өлең.

Сахнаға әнші атамыз

келіп тұр,

Ән құдіретін

әуелеткен пернеден.

Сахна төріне

қаламыздың сыйлы да ардақты әншісі Балмұханов Совет атамызды шақырамыз.   

 

2-жүргізуші:

Келесі сөз кезегі

аудандық білім бөлімінің басшысы Әшімов Келешек Қуандықұлына беріледі.

 

Құрметбек Нұрғисаның орындауында «Баламишка» күйі

 

1-жүргізуші:

 Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Абулхаирова

Гүлнар Есенқызына  сөз беріледі.

 

2-жүргізуші:       

Жырлайықшы бабамызды әсем әуен ән

қылып.

Жалындатып  көкіректі, сезімменен жандырып.

Жайық аты өше қоймас сөнбейді,

Жүрегінде қазағымның алаулайды

мәңгілік.

Жайық Бектұровтың «Таңба»

романынан үзінді. Оқитын 7-сынып оқушысы Әмірханова Гүлмира

 

 

1-жүргізуші:

Келесі сөз кезегі Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, аудандық

маслихат депутаты, еліміздің белді азаматы Нұрсадықов Қуаныш Дәулетханұлына

беріледі.

 

Аубакиров Н.А. мен Жумагулова Г.М. орындауында «Уақыт» әні

 

2-жүргізуші:

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Түменбаева Әйгерім

Мерекеқызына сөз беріледі.

 

1-жүргізуші:

Жайық Кәгенұлы Бектұровтың

жерлесі, тарихшы, Новорибинка ауылдық округының әкімі Оразов Арман Аманжолұлына

сөз беріледі.

 

2-жүргізуші:

Аманкелді негізгі мектебінің

директоры, ауданымыздың бетке ұстар жас талантты ақыны, танымал айтыскер,

облыстық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері Нұрболат Серікұлына сөз

кезегін береміз.

 

1-жүргізуші:

2012-2013 оқу жылының түлегі Даму

Ақжолдың шығармашылығынан «Жайық атамызға арнау» өлеңін оқитын 11-сынып оқушысы

Берденов Дидар

 

 

2-жүргізуші:

«О, адам, ғибрат алсаң сырлардан;

Талайлар өткен ырғалған.

Жалғанда жалпақ кім қалған,

Ақыннан өлмес жыр қалған» деп

Бәкір Тәжібаев жырлағандай Жайық Кәгенұлы Бектұровтың шығармалары дәуір үнімен

үндесіп, талай ғасырға жететініне сенімдіміз.

 

1-жүргізуші:

    Олай дейтініміз, Жайық Кәгенұлы Бектұровтың

атын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізетін – оның жазушылық, ақындық, аудармашылық,

журналистік, дарынды зерттеушілік еңбектері.

 

2-жүргізуші:

    Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

    Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

1-жүргізуші:

     Сау болып тұрыңыздар кездескенше,

     Осымен еске алу кеш аяқталды.

 

Финал «Атамекен» әні

Просмотров: 521

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст