Кім болам? (сабақтардан хабар)
Қазіргі заманда мамандықтардың түрі өте көп, соның ішінен сенің бүкіл өміріңе серік болатын біреуін таңдау сондай қиын. Мамандықты дұрыс таңдау үшін алдымен сол таңдаған қызмет бойынша көп мәліметтер жинаған дұрыс.Осындай білім көзінің біріне сабақтан тыс қызметтердің барлық түрлері жатады: спорт секцияларына, үйірмелерге қатысу; тәрбие жұмысы, экскурсиялар, әдебиеттер оқу. Бұл бағытта орыс тілі мен әдебиеті сабақтары материалдарға бай. Бесінші сыныптарда оқушыларға түрлі мамандықтар туралы, түрлі мамандық иесіне қажетті қасиеттер туралы, мамандықты игеруде білім, білік және дағдылардың рөлін көрсету мақсатында «Кім болам?» тақырыбында сабақтар өткізілді. Оқушылар «Морфология» бөлімімен танысып, дербес сөз таптары және шылауларды өзбеттерінше ажырата білуге үйренді. Сабақта балалар сабақтың тақырыбына болжау жасады, В.В. Маяковскийдің «Кім болам?» өлеңінің негізгі ойын анықтады, әр суретке сипаттама берді, «Шығармашылық шеберхана» стратегиясы қолданылды, мәтінмен жұмыс жүргізілді, кестеге зат есім, етістік, сын есім сөздерін теріп жазып, сол сөздермен сөйлемдер құрастырды. Қағаз жапырақтарына өздерінің ата-аналарының мамандықтары туралы жазды, ауызша айтты, еңбек сөзіне синквейн құрастырды, «Мелодияны тап» ойыны бәрінің көңілінен шықты.Сабақтың соңында бесінші сынып оқушылары өздерінің болашақта кім болғылары келеді, армандарымен бөлісті. Шынында да мамандықты дұрыс таңдау – бұл болашақта жетістікке, өз қабілетін іске асыруға, психологиялық және материалдық игілікке апарар жолдың басы. «Егер еңбекті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болдыңыз» деп, К.Д, Ушинский бекер айтпаған.
Худобина В.Р.