Ағылшын тілі сабақтарында тақпақтарды қолдану әдiсiнің маңызы
Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, үш тілді жетік меңгерудің кілті екені белгілі. Ағылшын тілі — ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.
Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.
Өлеңдер, прозалық тақырыптағы тақпақтардың мағынасын толық түсіндіргеннен кейін және дұрыс дыбысталуын айта білгеннен кейін ғана жатталады. Оқытудың бірінші кезеңінде қысқа өлеңдер мұғалімнің қайталауымен жатталынады.
Ағылшын тілін үйренудің алғашқы кезеңдерінде тақпақтар, өлеңдер мен әндерді мәнерлеп оқыту, жаттату - балалардың сөздік қорын кеңейтіп, сөздердің оқылуын есте сақтауға көп септігін тигізеді.
Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінде “English poems” атты іс-шара өтті. Бұл іс шараға 1 Ә сынып оқушылары: Шарафутдинов Ислам, Қаныбек Жібек, Данбаева Назерке, Мейрамұлы Әлмұрат, Модин Бақытжан, Рахимжанов Дінмұхамед қатысып. Оқушылар ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын танытып, өз қабілеттерін көрсете білді.
Жауапты мұғалім: Мурзаханова А.К.