Текст
Мектебімізде қараша айының 25-ші жұлдызы күні 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Ел таңдауы - Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел қашықтықтан ұйымдастырылып, өткізілді.
Аталмыш шараға бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатысты. Шара барысында оқушылардың Елбасына арналған баяндамалары оқылды. Шара соңында жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы екені айтылды