"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.04.2018

2017-2018 оқу жылының

29-30 наурыз күндері Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы «Звёздный» балалар сауықтыру орталығында, Ақмола облысының

білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі,

өлкетануы және экология орталығы тарапынан облыстық олимпиада ұйымдастырылған

болатын. Облыстық экологиялық олимпиада  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында  «Тәрбие және білім» бағдарламасының ішіндегі

«Табиғат бесігі» жобасын іске асыру шеңберінде 

өткізілді.

Олимпиада мақсаты

оқушылардың туған өлкенің экологиялық-өлкетанушылық мәселелері бойынша

жұмыстарына назар аудару болатын. Аталмыш шараға жалпы білім беретін

мектептердің, колледждердің оқушылары қатысып, ереже бойынша 6 бағытта оқушылар

сайысқа түсті.

Ақкөл ауданы

Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінің 5 «Ә» сыныбы Карибаев Бекзат

«Табиғат: сенің сұлулыққа көзқарасың» тақырыбында фотосуреттер номинациясы және

6 «Ә» сыныбы оқушысы Ураз Аян «Компьютерлік презентациялар байқауы» номинациясы

бойынша өз жұмыстарын қорғады. Қатусышы оқушылардың жас-ерекшеліктері әр түрлі

болсада да, оқушылар бар ынтасымен алып барған жұмыстарын нәтижелі қорғай алды

десе де болады. Олимпиада қорытындысы бойынша Ураз Аян «Компьютерлік

презентациялар байқауы» номинациясы бойынша жүлделі ІІ-орынды иеледі.

Шара соңында барлық

қатысушы оқушыларға сертификатпен және жүлделі орынға ие болған оқушылардың

барлығына бағалы сыйлықтар мен кітаптар беріліп марапатталды.

Олимпиада өте жақсы

ұйымдастырылып және қызықты өтті.

Просмотров: 571


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст