Тақырыбы: Менің анам........
Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – ана туралы, ананың биік
қасиеті туралы
әңгімелеу.
Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту.
Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд- шоу
Кейіпкерлер: бауырсақ, ата, әже, қоян,
қасқыр, аю, түлкі.
Мен :
- Қош,
келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай
сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем
мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс
пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр
отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек
аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Менің
анам....» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін
тамашалаңыздар.
Әліби:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.
Ақмарал:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар!
Мен: - Қымбатты , ақ жаулықты әжелер, асыл аналар! Сіздерді көктем айының ең
алғашқы мейрамы 8 – наурыз мерекесімен құттықтаймын!
«Ақ дидарлы анашым» әнін қабыл алыңыздар!
Келесі, аналар мен кыздар қатысуымен «Гулдер мен көбелектер» биін қарсы
алыныздар.
Сұлтан:
1. Ертегісі қандай көп,
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша,
Апам менің тамаша!
Әли:
2. Менің әжем ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Арай:
3. Ақылшы да қамқоршы,
Жақсы деуге тұрақты.
Әжем менің лайықты,
Бар істері тиянақты.
Айгүл:
4. Менің әжем, ақ әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса
көреді,
Қызығымды әлі әжем.
Жүргізуші: - балалар орындауында «Сағындым әже өзіңді» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Біздің балалардың аналарына арнаған тақпақтарын тамашалайық.
Олжас:
Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Аналарды құттықтап,
Жырдан шашу арнаймыз.
Мүбарак:
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызыңмен!
Мади:
Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
Дін - Асыл: Анам менің панам
ғой,
Содан қорған табам ғой.
Асықпа анам, ертең ақ
Отын болып жанам ғой.
Анам менің асыл жан,
Құшағы нұр шашылған.
Ғани:
Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам мерекең!
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең!
Мұрат, мүлде, мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн.
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін.
Елдос:
Сегізінші наурыз күнін,
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын,
Құттықтайды балалар.
Гүлназ:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әлпештеген баласын,
Ана – бақыт, ана – жыр.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.
Жүрсін:Ақыл құйған санама,
Күннен артық расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Жанель:
Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін» деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Жүргізуші: «Жүректен жүрекке»
аналар тілектерін айтады.
Ән «Ардақты
анам» орындайтын Бақытбек Ернар.
Жүргізуші: Құрметті Аналар, аяулы әжелер келесі
келесі балалардың өздеріңізге дайындаған азғантай сыйлығын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: - Уакыттарыңызды
бөліп, келгендеріңізге үлкен алғыс. Аман болыңыздар. Балапандарыңыз сіздерді
әрқашан куанта берсін.
Бүгінші даярлық топ
дайындауындағы шағын «Менің анам…»
Ертеңгілік кешіміз аяқталды.