"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.03.2018

 Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебі

1 «Ә» сынып 

Сынып жетекшісі: Ашкенова А.И.

Тәрбие сағаты «Ана-өмірдің гүлі»

Мақсаты:

1. 8-наурыз Халықаралық эйелдер

мерекесін атап өту.

2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті

арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық

сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:3ал мерекеге сай әсем

безендірілген. Шарлар, слайд.

Барысы:

Жүргізуші:

- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат

көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

    

Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен

жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің

гүлі» атты мерекелік  ертеңгілігіміз  сіздердің құрметтеріңізге арналады.

 Ән

«Айдидарлы анашым»

Ұлдардың  аналарына дайындаған өлеңдерін тамашалайық.

Құрметті

аналар,қадірлі әжелер,нәзік жанды қыз-қызғалдақтар! Қар астынан қалқиып,

бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі

келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік

атады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей барлық қиыншылыққа төзімді.

 

Ұлдарымыз асыл жандарға  арнаған

өлеңдерін ұсынады

1.Ерден

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе.

Ана деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде.

2.Аңсар

Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым

3.Елнұр

Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

4.Қайсар

Менің әжем, бұл әже

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әже

5.Еркебулан

Бәріңіз де анасың

Біз үшін күн боп жансың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым

6.Алдияр

Ақ сүт берген балаңа

Күш — жігерін жұмсаған

Бұл өмірде жан ана

Тең келеді кім саған

7.Нұрасыл

Еркелеттің асырадың

Мойыныңа асыламын

Аман болшы ардақты анам

Мен әрқашан қасыңдамын.

8.Мансұр

Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам.

9.Арнұр

Ақ жаулықты әжемді

Ай жүзіне теңедім

Мейірімін таусылмас

Күн нұрына теңедім.

10.шынарбек

Менің әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем

Анам үшін мен үшін

Нағыз ана тілі әжем.

11.Ерасыл

Құтты болсын ақ анам

Сегізінші науырызың!

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызың,

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл — қызың.

Би « Хафанана» қыздардың орындауында.

Ойын « Көңілді сыпырғыш» (музыка тоқтағанша сыпырғышты бір

біріне ұстатады,кімде қалып қояды сол анасымен билейді)


Ән «Тұлпарым» ұлдар

(ұлдар аналарға гүл таратады, гүлдерде  сан бар,санды атағанда сол аналар ортаға

шығады)

Ойын «Анамның портреті»   (5 цифры жазылған 5 ана)

Би « Джентельмендер» ұлдардың орындауында.

Ойын « Әншілер» (1 цифры жазылған 5ана)

 Ән «Анашым қартаймашы»

 Балалар

аналарына жасаған сыйлықтарын табыстайды.Әуен ойналады.

Мұғалім:

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Баршаңызға рахмет!

Мерекелеріңіз

құтты болсын!

 

Просмотров: 642


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст