"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.03.2018

Ақмола облысы

Ақкөл ауданы

Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебі

 1 «Ә» сыныбында

өткізілген «Тілашар» ертеңгілігі

Сынып жетекшісі:Ашкенова А.И.

Мақсаты:1.Оқушылардың

ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.

2.Оқуға, білімге деген

қызығушылықтарын арттыру.

3.Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.Патриоттық

сезім ұялату.

Көрнекіліктер:шарлар, гүлдер, нақыл

сөздер, плакаттар.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Ардақты ата-аналар, құрметті қонақтар! Бүгінгі

«Тілашар» тойы құтты болсын! Қадамдарына сәттілік тілей отырып, өздерін  ортаға шақырамын.

Ән «Балдырғандар әні »

1 оқушы: Аянат

Жарқырап атқан «бақытты күн» таңында

Дара туған, дана туған қазағымның бағына.

Қош келіпсіз, Тілашар тойымызға

№ 3 мектебінің  1

«Ә» сыныбына.

2-оқушы: Еркебулан

Талаптың мініп алып пырағына,

Білімнің май тамызып шырағына.

Алдымнан ақыл сарай есік ашып

Жету мақсат - іздеген мұратыма.

3-оқушы: Ерден

Алдымда биік мақсат, үлкен сенім.

Тізгінді басқаларға бермес тегін.

Бәсекеге түсетін саналы ұрпақ

Киелі жер Иесі сенсін- Елім!

4-оқушы:   Аяулым

Парасат пен ізгілік бойымызда,

Ата-баба өсиеті ойымызда.

Бақыт құсы самғасын көгімізде,

Ұшырған бүгінгі қуанышты тойымызда.

Ән «Мұғалім ол біздің »

Мұғалім: Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған

бүлдіршіндер әріптер қатарын танып оқу жазуды меңгеріп келеді.

 Қазір балалар

өздерінің білімдерін ортаға салады. ( парақшаларды алып, жазылған сөйлемдерді

оқиды,өрнектерді есептейді)

 

5-оқушы: Алдияр

Алты жасқа біздей толған баланы,

Мектеп

ана құшағына алады.

Ата-ана

қуаныңыз шаттанып,

Шәкірт

болды міне биыл балаңыз.

 

 

6-оқушы: Ақнұр

Мектеп деген киелі ұғым,ғажап ат,

Тынысы мен тіршілігі ғаламат.

Бала шақтан болашаққа ұмтылған,

Түлеп

ұшты талай-талай азамат.

7-оқушы: Ансар

Өзіңді

өзің табуға

Бағыт-бағдар

береді.

Оқып,

білім алуға

Күндей

нұрын төгеді.

8-оқушы: Аружан

Мектебіңді құрметте,

Бесік болып тербеткен.

Өзің де жет құрметке

Азамат бол, ер жеткен.

9-оқушы: Мансұр

Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді,

Білім жиып өсемін.

Төгіп адал терімді.

Мен мектепке барамын.

10-оқушы:  Сабина

Елдің атын жазамын,

Жердің атын жазамын,

Туған тілге тазамын.

Батаңды

бер, қазағым...

Мен

мектепке барамын.

11-оқушы:  Шынарбек

Таудай

биік талабым,

Оттай

лаулап жанамын.

Салт-санасын

сақтаймын,

Дала менен  қаланың,

Мен

мектепке барамын.

12-оқушы:  Арайлым

Қолға кітап аламын,

Маржан сүзіп табамын.

Жарқыратып кеудеме,

Жұлдыз етіп тағамын.

Мен мектепке барамын.

 Мұғалім: Енді

балалар дайындаған көріністерді тамашалайық.  

 

«Баға» (Елнұр, Еркебулан)

Әкесі:Балам сабағынан не алдың?

Баласы:күнделігін көрсетіп-Міне, бес алдым!

Әексі;Мынау тұрған үш, ал мынауың екілік .

Бес алдым деп,сен неге

айтасың өтірік?

Баласы:Ой, папатай,

есепті,

Білмеуіңді қарашы Үшті қоссаң екіге Бес болмай ма санашы.  

Көрініс математика

сабағынан.( Аянат,Ерасыл)

Мұғалім:3+3 қанша болады?

Оқушы:үндемейді ….иығын көтереді.

Мұғалім:Мына жақтан үш ат шауып келеді. Мына жақтан тағы үш ат шауып

келеді.Барлығы қанша ат шауып келеді?

Оқушы:Уф-ф-ф, мұғалім,Шаңнан түк көрінбейді ғой.

 

Мұғалім: Мектеп екінші үйімізге 

айналды.Ал сендер оқушы атандыңдар.Мектеп ережелерін білесіңдер ме?

 

1бала : Кітап бетін сызбайды,        Елнұр

              Таза

етіп ұстайды

2: Бар болса егер сұрағы                 Ақтоты

    Қол көтеріп

тұрады.

3: Жүрмейді жүгіріп от алып          Қайсар

    Тентек бала

атанып.

4: Үстін таза ұстайды,                       Дильназ

   Әлсізді күшпен

қыспайды.

5: Парта үстіне шықпайды,               Нұрасыл

   Сабақтан қашып

зытпайды.

6: Мұғалімді тыңдайды.                     Назерке

    Кітап бетін

жыртпайды

7 :Адал еңбек етуді,                          Лейла

 Үлкендерден

үйренеді

   Жатып тамақ

ішетін

   Жалқаулардан

жиренеді.

 Би « Ұлдар» (флешмоб)

Би «Жаяу» (қыздардың

орындауында)

Мұғалім: Балалардың 

осындай  жетістіктеріне жеткені

әке аналар,ата әжелердің арқасы деп айтуға болады.Әжелерге дайындаған әнді

тамашалайық.

Ән « Менің әжем дара»

Мұғалім: Енді сендер,оқушы атандыңдар. Бағаның  әртүрлі болатынын білесіңдер.Ал сендер қандай

баға үйге әкелуді қалайсыңдар? Бүгінгі тойға 

әкелген менің де шашуым бар.

(5 сыныптың дарынды және үздік оқушылары 5-тік бағаны өз

қолдарынан ұсынады.)

Ал біз не дейміз?

Өсіп ой

мен санамыз,

Өмірге

жол саламыз.

Білім

қуған баламыз,

Біз –

оқушы баламыз!

 

Айналайын, балғындар,

Алға бағыт алдыңдар.

Ертең өсіп толыңдар

Ел мақтаны болыңдар!

Орындалсын ойларың,

 Құтты болсын

тойларың!

Сөз кезегі ата

аналарға беріледі.

Біздің мерекеміз өз мәресіне жетті.Назарларыңызға

рахмет.


 

Просмотров: 704


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст