"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.03.2018

Мектеп мақтанышы.

   Мектеп -келешек ел басқарар, жер басқарар,

елі мен  халқын гүлдентер, мейірін   өсіріп, мәртебесін биіктетер

жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Ал сол мектептің негізгі

  тірегі мен болашағы– білімді де білікті, дарынды шәкірт.  Қазіргі заман талабына сай әр баланың  

қабілетіне қарай дарындылығын дамып, білім бәйгесінде, дүбірлі  

жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт болу – ол үлкен жетістік.Біздің

Жайық Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебінің 7 сынып оқушысы Белова

Александра дариядай терең білімді, биік парасатты, талмас еңбекқор оқушымыз.Өз

ұранына «Ұлтым басқа, тілім-қазақ» сүйеніп, жылдар бойы тілдер сайысына

қатысып, облыстық байқауында жүлделі гран-при орнына ие болды.Баланың таланты

зор,биші.Көркемөнерпаздары байқауының жылдағы дипломанты.Ақпанның 23 күні Үлкен

халықаралық «Лучшие люди в образовании» энциклопедиясына аты шығып, «Им

принадлежит будущее» номинациясы бойынша төсбелгі мен  І дәреже дипломымен марапатталды. «Жақсының

жақсылығын айт, нұры тасысын» деп дана хал­қымыз айтқандай оқушымыз биік

дәрежеден көріне берсін. Оқыту мен тәрбиелеу барысында шәкіртіңнің кішкентай

болса да, әрбір жетістігіне қуана білу және оны әрдайым мақтап, мадақтап отыру

баланы өсірудің тамаша бір жолы.

 Баласына жан-тәнімен беріліп, жүрек жылылығын,

мерейлі шуағын, адамгершілік ұлылығын баласының бойына дарыта білген анасы

Белова Анжелика Арутьюновнаға алғысымды білдіргім келеді. Ұлағатты анадан тәрбие

алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа

бейімдеп, көркейеді.

                                                       

Сынып жетекшісі:Сайфидинова Д.К.

Просмотров: 645


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст