Текст
16.02.2020 күні физика, математика, информатика әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында математика пәнінен 5 «Ә» сыныбында Хыдырбек А. «Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданыла отырып, топпен, жұппен, жеке жұмыс, өз-өзін бағалау жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты, жоғары қызығушылықпен барлық тапсырмаларды уақытылы орындады. Құрылған жоспарға сай сабақта барлық тапсырмалар орындалды. Сабақта қойылған мақсат-міндеттерге жетті. Сабақтың құрылымы, пайдаланылған материалдар, әдіс-тәсілдер, барлығы оқыту талаптарына сай болды.