Текст
"Мектепке жол" республикалық акциясы биыл "Мектепке жол – Жақсылық жаса" айдарымен өткізіледі. Акция ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеудің алдын алу. Мектепте акцияны өткізуге тікелей көмек көрсеткен жеке кәсіпкерлер: ЖК Атеева Дариха, ЖК Жұманова а.п., дүкендер "Гранд", "Планета", "Арзан". Қайырымдылық акциясы жалғасуда.