"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Валиева Алтын Махатовна

25.07.2023

«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі

Ақкөл қаласының  Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Педагогикалық кеңес отырысы

Хаттама  № 5

 

Өткізілген орны: 

«Ж.Бектұров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі»» КММ

 

Мерзімі:  31.05.2023 жыл

Қатысқандар:  (Тізімі келтірілді)

 

Күн тәртібі:

 

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

 

1.  № 4 кеңес қаулыларының орындалуы туралы. Мектеп директор Г.Бапар

2. Оқу жылын аяқтау туралы бұйрықпен таныстыру А.Ж Ахметова, Р Енсеген

2.1 емтиханға жіберу және оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы.

Ахметова А.Ж.

2.2 «Үздік», «екпінді» оқушылардың тізімі, марапатталуы. Ахметова А.Ж.

3.  Жазғы лагердің ұйымдастырылуы.Отарбаева Ж.Т,Халыкова Л.Х

4. Әлеуметтік азқамылған ,көп балалы отбасылар тізімін жинақтау,құжаттарын дайындау.Г.Б.Абдыгалиева

5. Педагогтарды тамыз кеңесіне марапаттауға ұсыну. Енсеген Р

6,Әр түрлі

1. Тыңдалды

Күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша мектеп директоры Г.Бапар сөз алды. № 4 Педагогикалық кеңес қаулыларының орындалуы туралы мәлімдеп өтті. ІІІ тоқсанның қорытындысы «ЖАҚСЫ» деп танылып, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері жұмыла жұмыс атқарып білім пайызы көтерілу жұмыстары берілген болатын. Осы жұмыстардың атқарылуы жақсы деңгейде өтіп жатқандығын айтып өтті. 2.Тыңдалды

2022-2023 оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен Ахметова А.Ж таныстырып өтті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда № 31053 болып тіркелген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы»  бұйрығын басшылыққа ала отыра  мектепішілік №168 бұйрықпен 2023 жылдың  1-31  мамыр  аралығында  өткізілген  мектептегі өзін - өзі бағалау бойынша  құжаттар жинақталып педагогикалық кеңесте қаралды.

Директордың ғылыми -әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Енсеген Роза сөз алды. Оқу жылының аяқталуы туралы айтып өтті. 2022-2023 оқу жылы өте танымды, білім беру жолындағы маңызды орынға ие оқытушылардың біліктілігін арттыру семинарлары  және пән апталықтары  өтілді. Сонымен қатар мектебімізде республика көлемінде жүлделі орын  алған оқушылар бар.Авторлық жұмыстар жазып,облыстық кезеңге қатысқан мұғалімдер бар. Осы аталған іс шараларда мектебіміздің әр мұғалімінің шеберліктері көрсетіліп,әр деңгейдегі марапаттармен марапатталды. Аудандық әдістемелік кунде мектебіміздің бірнеше мұғалімдері өз сабақтарын көрсетіп өтті және де ауданның білім бөлімі басшысының «Алғыс хаты» мен марапатталды.

  2.1  Емтиханға жіберу және оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы педагогикалық кеңестің шешімі нәтижесінде жіберіледі. Емтихан кестесі мен емтиханға дайындық кестесі құрылып пән мұғалімдеріне таныстырылды. Емтихан 02 маусымда басталып 9-сыныптар үшін 13 маусымда аяқталып, 11 сыныптар үшін – 19 маусымда аяқталады деп айтып өтті. Емтиханға берілетін оқушы тапсырмалары мектептерге таңғы 08:00 де келетіні айтып өтілді.

2.2 «Үздік», «екпінді» оқушылардың тізімі, марапатталуы туралы да хабарлама беріп өтті. Осы оқу жылында жалпы 36 сынып комплектісімен аяқтадық. Жалпы оқушы саны-697. Осы оқушылардың ішіндегі үздіктер – 120 оқушы және екпінді оқушылар саны-272 құрады. Оқу жылын -61% аяқтадық. 31 мамыр күні жұмыс жиыны ұйымдастырылып 1-10 сыныптар қатысатыны және осы жиында «үздік» оқуды аяқтаған оқушылар марапатталатыны айтылып өтті. 1 маусым кұні аудан әкімінің қатысуымен «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты 11 сыныптарға үлкен жиын ұйымдастырылатыны хабарланды.

3.Тыңдалды

Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Отарбаева Ж.Т сөз алды. Жазғы лагердің ұйымдастырылуы туралы сөз алды. Биылғы оқу жылында 2 ауысымда өткізі жоспарланып отыр және 02 маусымнан басталатыны хабарланды. 02 маусым рәміздер күніне орай орталық алаңға оқушылар арасында вело жарысы ұйымдастырылатыны айтылды. 05 маусы ашылуы болып 1 және 2 маусымның жұмыс жоспары талқыланды. Мектеп мұғалімдерінен 15-ке жуық мұғалімдер жазғы лагерде жұмыс жасайтыны айтылды.

4. Тыңдалды Қазастан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазастан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №382 бұйрығы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық әлеуметтік педагог жоспары құрылды. Әлеуметтік педагогтің қызметтік құрылымы: Мектеп директоры, директор орынбасарлары, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер, ата-ана, оқушы, педагог-психолог, педагог ұйымдастырушы. Мақсаты: әлеуметтік педагогтың жыл бойы атқарған лауазымдық қызметіне сараптама жасау, жаңа оқу жылының жоспарына ұсыныстар мен өзгертулер енгізу. Жұмыс контингенті – оқушылар, олардың ата-аналары және отбасылары, мектеп ұжымы. 2022-2023 оқу жылында  Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде – 703 оқушы . Оның ішінде, жетім оқушылар саны – 19, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы саны – 12, аз қамтылған отбасындағы балалар саны - 48, көпбалалы отбасындағы балалар саны – 92. Мүгедек балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар – 3.

          Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылының басынан бастап оқушылар мектеп басшылығы, сынып жетекшілер, мұғалімдер және ата-аналар тарапынан бақылауға алынды. 2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 жарлығымен жарияланған «Балалар» жылын іске асыру мақсатында өткізілді.  Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі  2022-2023 оқу жылы барысында бекітілген іс-шаралар бойынша «Мектепке жол акциясы» ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектеп ұжымының және демеушілердің көмегімен әр түрлі акциялар, қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып, «Мектепке жол» акциясы бойынша әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға мектеп формасын және оқу құралдарын алды. Мұғалімдер ұжымы аталған іс-шараларды өткізуде жоғары белсенділік танытты. Мектеп директоры мен әкімшілігі және мұғалімдер тарапынан аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына да көптеген көмектер көрсетілді.

5. Тыңдалды

Күн тәртібіндегі келесі мәселе  педагогтарды  тамыз кеңесіне марапаттауға ұсыну жайы сөз болды.

         Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі2021 жылғы 29 шілдедегі№ 372 бұйрығын негізге ала отырып, ережеге сай педагогтардың жетістіктерін ескере отырып, бір ауыздан  төмендегі мұғалімдер  марапаттауға ұсынылды.

Алғыс хат Білім және ғылым министрлігі- Валиева Алтын Махатовна ;

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен-Худобина Венера Рафаиловна ;

 Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаты- Халыкова Лаззат Халыковна ;

Білім басқармасы Алғыс хаты -

Бапар Гүлжан ,Клышева Динара Кунтасовна;

Педагогтардың жетістіктері мен наградалары  ұсынылған кестеге сай толтырылып, аудандық білім бөліміне жолдануы керектігі жайлы айтылды.

 

Қаулы қабылданды:

1. № 4 кеңес қаулыларының орындалу жұмыстары жүргізілсін.

2.  оқу жылын аяқтау туралы бұйрықпен таныстырылсын.

2.1 емтиханға жіберілсін және оқушыларды келесі сыныпқа көшірілсін.

2.2 «Үздік», «екпінді» оқушылардың тізімі бекітіліп, марапатталсын.

3. Жазғы лагердің ұйымдастырылып, жұмыс жоспары бекітілсін.

4. Әлеуметтік азқамылған ,көп балалы отбасылар тізімін жинақтау,құжаттарын дайындау сапалы түрде дайындалсын.

5.  Педагогтардың жетістіктері ескеріле отырып, аталған мұғалімдер ережеге сай  тамыз кеңесіне марапаттауға ұсынылсын.

 

                    

                                Мектеп директоры                                    Г.Бапар

 

                                Хатшы                                                        С.К.Биданова

Просмотров: 874


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст