"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзге тілдің бәрін біл ...

19.02.2020

Өзге тілдің бәрін біл ...

      Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінде шет тілі және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндік апталығы өтті. Апталықтың жоспары бойынша ағылшын тілі және орыс тілі пәндерінен ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Пән мұғалімдері өз ісінің шебері ретінде ашық сабақтар барысында  жаңа білім беру мазмұны бойынша түрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды қолдана отырып өткізді. Сабақ барысында жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар орындатып, бағалаудың түрлері тиімді жүргізілді.  Сонымен қатар оқушылар орыс тілі пәнінен «Литературные герои», ағылшын тілі пәнінен «Ұлыбританияның көрікті жерлері» тақырыбында сурет галлереясына өз суреттерін салып белсене қатысты. Оқушылар өздерінің ағылшын және орыс тілі мен әдебиеті пәндерін жетік меңгергенін түрлі түсті бояулармен қағаз бетіне түсіре білді. Пән апталығының соңында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды кешпен аяқталды. Бұл мерекелік-іс шарада оқушылар ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдерін үш тілде еркін айтып берді. Лирикалық музыка ойналып әндер айтылды. Және де Абай жолы роман эпопеясынан үзінді көрсетілді.

 

Шет тілі және орыс тілі пәндерінің

ӘБ жетекшісі: Мурзаханова А.К.

Просмотров: 392

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст