Педагогикалық идеялар фестивалі
2020 жылдың 14-16 қаңтар аралығында Алматы облысы, Қаскелең қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық сайысы өткізілді. Республика көлемінде барлық білім беру ұйымдарынан 240 педагог қатысты. Педагогикалық идеялар ТЕДх форматында көрсетілді. Аудандық деңгейден өткен 17 қатысушы Ақмола облысының намысын қорғады. Ақкөл ауданының атынан қатысу мәртебесі маған бұйырды. «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясының қорытындысы бойынша, әділқазы мүшелерінің тарапынан жоғары баға алып, республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының мадақтамасы мен сертификатына ие болдым.
Худобина В.Р.