"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика физика және информатика апталығы

22.02.2023

«Бекітемін»

« Ж. Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі » КММ директорының м.а  Бапар Г

 

«---» ------------- 2023 ж

 

 

Жоспар бірлестік отырысында талқыланды.

ӘБ. жетекшісі Хусман Н

 

«---»------------- 2023 ж

 

 

 

«Әлем нақты ғылымдар тілінде»

тақырыбындағы

 математика , информатика және физика пәндері апталығының

ЖОСПАРЫ  

 

      

 

            Описание: 5147f37693d22         Описание: 5147f37693d22           Описание: 5147f37693d22                 

 

 

 

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:

21- 28 ақпан 2023 жыл

 

 

 

Ақкөл қаласы

 

 

 

 

 

 

Описание: 52da54ecc65c1

Білгенге білім-байлық бағасы артық

Салмағы сан жетпейтін қорғасыннан

Үйренсең өнер білім өшпес мұра

Таусылмас тау кенінің қордасындай.

 

Өткізілетін іс-шара тақырыбы,

өткізу формасы

Сыныбы

Жауапты мұғалім

Өткізілетін орны уақыты

 

1.  Көрме

5-11 сыныптар

 

ӘБ мүшелері

 

1 этаж холл

21.02.2023

2. Апталықтың ашылуы

«Әлем нақты ғылымдар тілінде»

5-11 сыныптар

 

 

ӘБ мүшелері

 

 

Акт зал

21.02.2023

3. Сабақтан тыс жарыс түріндегі сабақ «infobatlle»

4 – сыныптар

 

Нұртілеу Пермеханұлы

 

22.02.2023

 

4. « Көрсеткішті теңдеулер және олардың жүйелері » ашық сабақ

 

11 «А» сынып

 

Нурбек Хусманұлы

 

 

23.02.2023

 

 

5. «Физика ауылындағы той» сыныптан тыс іс- шара

 

8-9 сыныптар

 

Хасенова Дамежан Болатқызы

 

23.02.2023

 

 

6. «Перпендикуляр және параллель түзулер» ашық сабақ

 

6 «В» сынып

 

Жанібек Хусманұлы

 

 

24.02.2023

 

 

7. «Миллион кімге бұйырады» сыныптан тыс іс-шара

 

8-9 сыныптар

 

 

Армангүл Аманкелдіқызы ,Бахытгүл Байахметқызы

 

24.02.2023

 

 

8. «Ақылды үй» ашық сабақ

 

11 «Ә»

 

Бахытгүл Байахметқызы

 

27.02.2023

 

9. «Математика және спорт» сабақтан тыс іс-шара

7- сыныптар

Алтыншаш Хыдырбекқызы.

Нурбек Хусманұлы

27.02.2023

10. Ойындар

 

 

 

 

5-11

 

 

 

 

 

 

ӘБ мүшелері

 

 

Үзіліс арасында

21.02-28.02 аралығында

 

 

10. Апталықты қорытындылау

5-11 сыныптар

ӘБ мүшелері

28.02.2023

 

 

 

Тақырыбы: «Әлем нақты ғылымдар тілінде»

 

Мақсаты:  - оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың танымдық ізденістерін ояту; -логикалық ойлау қабілеттерін пәнге деген ынтасын, белсенділігін арттыру;  -білімдерін жүйелі болуын қамтамасыз ету.

 

Музыка ойнап тұрады ортаға оқушы шығып, өлең оқиды.

(5 сынып оқушылары)

1 оқушы.

Уа, жараңдар! 
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар.
Ғылымдардың ғылымы
Математика, физика информатика жайында
Бөлісейік! ортаға сап ойларды.
Жиылған мына балалар
Білім жолын қуғандар
Бәрің де
Білімді болып жан – жақты
Саналы болып салмақты
Шығамын деген биікке
Үлкен, үлкен арман бар.

2 оқушы.

Шындықты алғаш таратқан
Жыл күніңді санатқан
Тауып ғажап жаңалық
Жоқтан барды жаратқан
Есеп емей немене.
Білмегенді білгізген
Өлшеп киімді кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Есеп емей немене
Информатика әлемі
Қызығы мол ғой әдемі
Компьютердей құралды
Меңгердік қой кәделі.

3 оқушы.

Ғылымдардың патшасы – нақты ғылым жайында,
Апталықта бастаймыз.
Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақты
Алдарыңа тастаймыз.
Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,
Математика, физика, информатика құрметтеуге лайық.

Дүниеде құбылыстың мәнінде,
Зерттейді ол өзгерістің бәрінде.
Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,
Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде.

 

4 оқушы.

Математика – 1,2,3...натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.

Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс
Жүрген жерде таңданып сұлуға өзін балайды.
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.

Ортаға жүргізушілер шығады:

1-жүргізуші:

Қайырлы күн қадірлі қонақтар,  ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «МИФ» әлеміне саяхат атты кешімізге қош келдіңіздер.

-Әрбір өскелең жастың ішкі резервін, талантын, дарынын тәрбиелеу, еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан – жақты дамыған зерек болуы – заман талабы. Осыған байланысты оқушылардың білімін шыңдауға ашық сабақтардың, ал шығармашылықпен айналысуына сыныптан тыс пәндік сайыстар өткізудің тигізер септігі мол. Сондықтан 5-10 сынып оқушылар арасында математика, физика,  информатика пәндері бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс әр-түрлі іс-шаралар апта бойы өткізілмек. Атсалысып белсенділік көрсетіңіздер.

2-жүргізуші: Апталық тақырыбымен, мақсатымен және жоспарымен таныс болыңыздар. (Презентациядан көрінеді)

М - математика ғылымдар патшасы
И - информатика ақпараттар ғылымы
Ф - физика табиғаттың патшасы
1-жүргізуші:

Ендігі кезекте, 7 сынып оқушыларының дайындаған физикалық көрінісіне назар салайық....

Көрініс
2-жүргізуші:

Шақырамыз келіңдер!
Есеп – қисап, жұмбақтарды шешіңдер!

Күш, өнерді, бойға жиып келіп,
Білімдеріңді байқап бір көріңдер!

1-жүргізуші:

-Ендеші баларлармен біз қызық ойын ойнайық, қалай қарайсың? Оқушылар жұмбақтар шешіп көріңдер. Дұрыс жауапқа тәтті сыйлығымыз бар.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

 

Физика пәні бойынша 


1. Жылдамдықты өзгертеді, 
Қоғалысты тездетеді. 
Қарсы шықса қоғалысқа, 
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу) 
2. Көп болса асықпайсың, 
Мезетте қашықтайсың. 
Асықсаң аз болады, 
Табасың мұны қайсың? (Уақыт) 
3. Қозғалысқа келтіріп, 
Жылдамдығын береді. 
Өлшемдерін қарасаң, 
Ньютонға ол келеді. (Күш) 
4. Біз, біз, біз едік, 
Бірегей жарқын қыз едік. 
Тамашада көп болдық- 
Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз) 

 

Иформатика пәні бойынша
1. Ұзынтұра Жалқаубек, 
Тұрмай ылғы жатады. 
Қозғала қалса артынан, 
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын) 
2. Биологияда бұл паразит, 
Көзге зорға көрінер. 
Информатикада өлшем бірлік, 
Ақпараттарды өлшер (бит) 
3. Тетігін бассаң алаңсыз, 
Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта) 
4. Батырмасын басасың 
Қажетті файлды ашасың (тінтуір) 

 

Математика пәні бойынша
1. Оң сандарға қол шатырдай 
Қалпақ болған беделі 
Квадраттасаң егер оны 
Белгімсі оның кетеді (квадрат түбір) 
2. Екі бұрыш ежелден 
Тату көрші болған екен 
Бірін-бірі толықтырып 
Бір түзуде жатады екен (сыбайлас) 
4. Қарама –қарсы қабырғалары 
Паралель боп қосылған 
Оқыңызшы аталуын 
Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограм) .

2-жүргізуші:

Жарайсыңдар балалар. Өте ақылды екенсіңдер. Алдағы апталықта да осылай белсенділік танытасыңдар деген ойдамыз.

1-жұргізуші.

Ал енді, балалар, сендерге роботтар ұнайтын шығар, иә? Онда қазір бәріміз роботтардың жекпе-жегін тамашаласақ қалай қарайсыңдар?

Ортаға роботтар шығады

2-жүргізуші:

Бұл бір керемет көрініс болды. Роботтарға көп рахмет.

1-жүргізуші:

Бар білімді болашаққа арнаймыз
Желбіретіп, татулық пен достықты
Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз.

Бағындырып МИФ әлемін, ғарышты

 - дей отырып, мықтыларға арналған математика, физика, информатика пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз!  

 

 

 

Просмотров: 282

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст