"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

TIMSS зерттеуін білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық (IEA) 1995 жылдан бастап төрт жылдық циклмен жүргізеді.

20.02.2023
IMSS зерттеуін білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық (IEA) 1995 жылдан бастап төрт жылдық циклмен жүргізеді. TIMSS зерттеуіне әлем бойынша 60-тан астам ел қатысады.
 
Зерттеудің мақсаты – бастауыш және негізгі мектеп оқушыларының жаратылыстану-ғылыми және математикалық дайындықтарының сапасын бағалау. Зерттеуге 4 және 8 сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері, 4 сынып оқушыларының ата-аналары қатысады. Оқушылар тестілеуден және сауалнамадан өтеді, ал ата-аналар, әкімшілік және мұғалімдер сауалнамаға қатысады. Өткізу форматы – қағаз түрінде (1995-2015 жж.). 2023 жылдан бастап TIMSS зерттеуі компьютерлік форматта өтеді.
 
Зерттеудің ерекшелігі – оқушылардың бірдей жиынтығы зерттеледі. Әлемнің көптеген елдерінде 4-сынып – бұл бастауыш білім берудің соңғы сатысы. 4 жылдан кейін төртінші сынып оқушылары сегізінші сынып оқушыларына айналады. Осылайша, бастауыш (4-сынып) пен негізгі (8-сынып) мектепке ауысу кезінде оқушылардың оқу жетістіктерінің өзгеруін бақылау мүмкіндігі беріледі.
 
TIMSS зерттеуіне қатысу халықаралық салыстыруда объективті деректер алуға, қазақстандық білім берудің әлсіз және күшті жақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері студенттердің жетістіктерін анықтайтын факторларды талдау және анықтау және білім беру саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау үшін ұлттық мәліметтер базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
 
Қазақстан TIMSS зерттеуінің төрт циклына қатысты (2007, 2011, 2015, 2019).
 
2021 жылы Қазақстан TIMSS-2023 зерттеудің кезекті циклына қатысуға дайындалуда. TIMSS-2023 циклінде біздің еліміз компьютерлік форматта қатысатын болады.
Ж.Бектұров атындағы №3 ЖОББМ-нің 4,8 сынып оқушылары жоспар бойынша жұмыс жасауда.
 

                                                                                       

«Бекітемін»

Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы

орта білім беретін мектебінің

директордың м.а.:

__________А.Ж.Досмаганбетов

 

 

2022-2023оқу жылына арналған

TIMSS халықаралық зерттеуінің оқу, ғылыми-жаратылыстану және  математикалық сауаттылық бағыттарында дайындау жоспары

 

р/с

Іс - шаралар

Жауапты

Мерзімі  

  1.  

4,8- сыныптарының пән мұғалімдерінің кәсіптік деңгейін анықтау үшін, мұғалімдер туралы мәліметтер жинақтау.

Оқу ісінің орынбасарлары:

Г.Бапар

Ахметова А.Ж.

қыркүйек

  1.  

TIMSS халықаралық зерттеуге пән мұғалімдері мен оқушыларды дайындау сұрақтары бойынша директор жанындағы отырыс өткізу.

Оқу ісінің орынбасарлары:

Г.Бапар

Ахметова А.Ж.

Жыл бойы

  1.  

4,8- сыныптарының пән мұғалімдерінің TIMSS халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындау жоспарларын бекіту.

Оқу ісінің орынбасарлары: Г.Бапар

Ахметова А.Ж.

Әдістемелік бірлестік жетекшілері

қараша

  1.  

Әдістемелік бірлестік жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен төмендегі сұрақтар бойынша семинарлар өткізу:

1.Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) меңгерте білу;

2.Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;

3.ҚР білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған Мемлекеттік бағдарламасы біздің оқушыларымыздың TIMSS халықаралық зерттеуінде мақсатты индикаторларымен танысу.

 

TIMSS халықаралық зерттеу бағдарламасы бойынша курстан өткен пән мұғалімдері.

Жыл бойы

  1.  

4,8 сыныптарының пән мұғалімдерінің TIMSS халықаралық зерттеуге дайындау үшін әдістемелік әзірлемерді құрастыру.

 

Пән мұғалімдері

Жыл бойы

  1.  

Ашық есік күні (Орыс тілі, физика, химия, география, биология, математика пәндерінің сабақ жоспарлары мен TIMSS бағдарламасы негізіндегі тапсырмаларды кіріктіру әдістемесі бойынша іс-тәжірибе алмасу).

 

Оқу ісінің орынбасарлары:

Г.Бапар

Ахметова А.Ж.

Әдістемелік бірлестік жетекшілері,

 Пән мұғалімдері.

қаңтар

2023ж.

  1.  

TIMSS халықаралық зерттеу жүргізу кезіндегі оқушылардың және ата – аналардың психологиялық бейімделуі мақсатында 4,8- сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізу.

Мектеп директоры м.а.: А.Ж.Досмухамбетов

Оқу ісінің орынбасарлары:

Г.Бапар

Ахметова А.Ж.

Педагог-психологтар:

Мұхтар Т.Б.

Айдарбекова А.К.

І жарты жылдық,

 ІІ жарты жылдық.

  1.  

Сынама тестілеуді, мониторингін және талдауын жүргізу.

Пән мұғалімдері

 

Жыл бойы

  1.  

Орыс тілі, физика, химия, география, биология, математика пән мұғалімдерінің дидактикалық материалдар дайындауы.

Пән мұғалімдері

Жыл бойы

  1.  

TIMSS халықаралық зерттеу бағдарламасы бойынша тақырыптық тестілеуді жүргізу кестесін құру.

 

Оқу ісінің орынбасарлары:

Г.Бапар

Ахметова А.Ж.

Пән мұғалімдері

Жылына екі рет

 

  1.  

Тақырыптық тестілеуді жүргізіп, толық талдау жасау арқылы мәселені анықтау және олардың алдын алу.

Пән мұғалімдері, Әдістемелік бірлестік жетекшілері

Жыл бойы

  1.  

TIMSS халықаралық зерттеу жұмыс жоспарына жылдық қорытынды бойынша түзетулер енгізу.

Оқу ісінің орынбасарлары:

Г.Бапар

Ахметова А.Ж.

Әдістемелік бірлестік жетекшілері

Пән мұғалімдері

сәуір 2023ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 337


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст