"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Фестиваль открытых уроков» по казахскому языку в казахских классах

17.02.2023
 Бейімделу проблемаларын азайту, жас педагогтің кәсіби қызметке табысты кірісуіне  ықпал ету және жас мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасау  мақсатында ұйымдастырылған тәжірибелі педагоготердің  «Ашық сабақтар фестивалі» іс – шаралары аудандық білім бөлімінің  әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен 2023 жылы 13 ақпаннан 17 ақпан аралығында өткізілуде.
       2023 жылы 14 ақпан күні Ж. Бектұров атындағы № 3  жалпы орта білім беретін мектебі базасында  жас ұстаздарға көмек беру мақсатында ұйымдастырылған тәжірибелі ұстаздардың  «Ашық сабақтар фестивалі»  қазақ сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша ұйымдастырылып өткізілді. Аудандық семинар – фестиваль тақырыбы: "Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуға жаңа көзқарас".  Ашық сабақтар фестивалінде Ж. Бектұров атындағы № 3  жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Ибраева  Әсемгүл Ахмедьяновна, Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аскенова Гүлжанар Есламбекқызы,  Еңбек ауылының  мектеп- балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсембай Балауса Дулатқызы,  Новорыбин ауылының  мектеп- балабақшасының  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мекебай  Әсемгүлдер ашық сабақ өткізіп, жаңа әдіс-  тәсілдерімен бөлісті.  Модератор: Домбыралы ауылының Горький атындағы орта-мектеп балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, аудандық әдістемелік бірлестігінің басшысы Б.О.Абдрахманова.
 
Аудандық білім
бөлімінің әдіскері        Ханша Ахтышхан
Просмотров: 238

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст