Текст
25 қаңтар 2023 ж.күні мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілері мен ата -аналарымен "Ата -аналар сағаты" конференциясы өтті. Конференцияға аудандық әкімдік, ішкі істер полиция бөлімінің қызметкерлері және "Здоровый Қазақстан" жеке қорының өкілі қатысты. Конференцияда өзекті мәселелер қозғалды. Кәмелетке жасқа толмаған жасөспірімдердің құқықтары мен оны қорғау және салауатты өмір салтын сақтау тақырыбында айтылды. Сонымен қатар буллинг, кибербуллинг сияқты тақырыптар аясында ескере айтылды. Балалар мен ата-аналардың өз құқықтары мен міндеттерін айтып өтті. Сұрақтарға жауап берілді.