"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналармен кездесу

26.01.2023

2023 жыл 25 қаңтар күні, Ж. Бектұров атындағы №3 ЖОББ мектебінде аудандық әкімшілік, полиция бөлімінің қызметкерлері және қоғамдық қор қызметкерлерінің мектеп ата-аналарымен кездесуі болып өтті.

Полиция бөлімінің аға инспекторы ювиалдық тобының полиция подполковнингі Каиргожина Алма Кадырбаевна, бүгінгі күндегі ауданымыздағы жасөспірімдер арасында болып жатқан заң бұзушылықтарды баяндама етті. Түнгі уақытта жүру, ерте жүктілік, есірткі түрлерінің қолдану жасөспірімдер арасында кең жайылып бара жатқаны, балалардың көліктерді жүргізу кезіндегі заң бұзушылықтары жайында статисткалық мәліметтер келтіре отырып, маңызды ақпаратар берді. Кәмелетке толмаған жас-өспірімдердің заң бұзушылықтарына ата-ана жауапты екенін де нақтылап өтті.

«Здоровый Казахстан» қоғамдық қор қызметкері Вячеслав Зиганшин әлеуметтік желілердің жасөспірімдер сана сезіміне кері әсер ететін жағдайлары жайында, шынайы мысалдарды келтіре отырып, мәселені егжей-тегжей түсіндірді. Сөз барысында атақты педагог Макаренконың «Тәрбиеде ең бірінші ата-ананың рөлі маңызды» екенін сөз етіп, айтып өтті.

 

Аудандық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Дауенова Альбина Бакперовна, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың түрлеріне жеке түсініктеме бере отырып, ата-аналар үшін маңызды тарқатпа ақпараттар берді.

Ақкөл ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары Равиль Минсавильевич, бітіруші сынып ата-аналарына, елімізде полиция қызметкері боламын деуші түлектер үшін де жоғарғы оқу орындарында қалай грант иеленуі жайында ақпараттар берді.

Кездесу соңында ата-аналар тарапынан берілген сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Халқымыздың «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген сөзі бекерге айтылмаған болса керек. Әрбір ұрпағымыз еліміздің келешегі, олардың салауатты өмір салтын ұстап, елінің нағыз патриоты болуына үлгі, біз  ата-аналар мен педагогтер.

Просмотров: 310


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст