"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тынымсыз еңбекпен құрметке бөленген ұстаз мерейі

27.12.2019

Тынымсыз еңбекпен құрметке бөленген  ұстаз мерейі

«Аstana jobalary» халықаралық және республикалық жобаларды ұйымдастыру  орталығының 16 желтоқсан тәуелсіздік күні мерекесіне орай  ұйымдастырған «Білікті ұстаз қырағы-Тәуелсіздік пырағы» атты республикалық байқау  Білім және ғылым министрлігінің  Ы. Алтынсарин атындағы  Ұлттық білім академииясының 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулығында іс – шаралар тақырыптарына негізделген.  Осы  конкурсқа Ақмола облысы  атынан Ақкөл ауданының Ж. Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Шаймурат Болат қатысып,  Республика бойынша жүлделі 1- орын иеленді және  Тәуелсіздік тойы қарсаңында  «Білікті ұстаз қырағы- Тәуелсіздік пырағы» медалімен марапатталды.  Сондай – ақ, импакт–фактор ғылыми халықаралық ғылыми журналға мақалалар топтамасы бойыншаБолат Шаймуратұлының кәсіби білімін, үйрете білуі мен дағдысын қолданған «Мен -Тәуелсіз Қазақстан азаматымын...»атты  жазба  баяндама топтамасы  басылды. Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі  ғимаратында 2019 жылы 10 желтоқсан күні өтті.

Марапаттау рәсіміне «Аstana jobalary» халықаралық және республикалық жобаларды ұйымдастыру  орталығының бас  директоры Х.Ходжиев  және «Отандастар қорының  Вице - президентіМ. Сарбасов  қатысты.

 

Ақкөл ауданының  Ж. Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебініңдиректордың ғылыми жұмыс бойынша орынбасары  Абдыгалиева Гүлжихан  Берликовна

 

Просмотров: 447


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст