2019 жылдың 11 желтоқсанында Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнайы «Тәуелсіздік-арманым, жырымды саған арнадым!» атты 8-9 сынып оқушыларының арасында мәнерлеп оқу сайысын өткіздік. Сайысты Мемлекеттік әнұранмен бастадық. Республикалық Көркемсөз шеберлерінің жеңімпаз оқушылары әділ қазы болды.
Желтоқсан оқиғасынан сыр шертетін бейнебаян көрсетілді. Оқушылар әртүрлі ақындардың тәуелсіздікке арнау өлеңдерін жаттап, мәнерлеп айтты. Өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. 8-сынып оқушылары Серікбаев Мадияр мен Маратбек Азамат Құрманғазының күйі «Адайды» күмбірлете тартып, орындап берді. Жеңімпаздар анықталып, марапатталды. «Атамекен» әні орындалып, іс-шара өз мәресіне жетті.
Іс-шараға жауаптылар: Аушанова Л.Т., Дорж М.