"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Орта білім беру ұйымы математика,жаратылыстану-география пәндері бойынша бос педагог лауазымына тағайындауға конкурс ұйымдастырады.

05.08.2022

 

«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Орта білім беру ұйымы математика,жаратылыстану-география пәндері бойынша бос педагог лауазымына тағайындауға конкурс  ұйымдастырады.

 

Лауазымдық жүктемесі:16 сағат.

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.

      Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады.

      Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген. Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктілігін арттырады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.

      Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды. Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.

 

КММ-ның мекен-жайы:Қазақстан Республикасы,020124,Ақмола облысы Ақкөл ауданы Талғат Бигельдинов көшесі,8.

Байланыс телефоны: 8(716 38) 5-52-07

Біліктілікке қойылатын талаптар:

-тиісті мамандық бойынша жоғары және арнайы орта педагогикалық білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды. Ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы сертификат.

Пән бойынша конкурсқа қатысатын педагогтардан талап етілетін құжаттар:

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

     6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

     9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

     

      

     

              Құжаттарды қабылдау келесі жолдармен жүзеге асырылады:

 Талғат Бигельдинов көшесі,8.

Байланыс телефоны: 8(716 38) 5-52-07

Эл.адрес: kazak.mektep@mail.ru

 

Просмотров: 264

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст