"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16 наурыз 2022 ж Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің жолдауы бойынша "Ж.Бектұров атындағы#3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ ұжымының пікірі.

16.03.2022
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауы тарихи жайт. Жолдау өзінің нақтылығымен, мақсаттылығымен алдағы уақытта белгілі жоспармен айқындалды. Әрине, қаңтардағы оқиға тарихта қалатыны анық. Мемлекетте қаншама жыл билік ете отырып, төңкеріс жасау адамгершілікке жат нәрсе. «Іштен шыққан жау жаман» дегендей, өз азаматтарымыздың мемлекетке қарсы ұйымдастырған құйтұртқы саясаттары жүзеге аспады. Өйткені мемлекет басшысы өз халқымен соңына дейін боламын деп дер кезінде шара қолданды.  Президенттің өкілеттілігін қысқартып, Парламенттің ролін жоғарылату керек ол мемлекетіміздің институционалдығын модернизациялайды. Төменгі палатаның құзіреттілігін күшейту керек. Бүгінде  әйелдер мен балаларға қатысты зорлық зомбылық қажеттігіне қатысты өтініштері жиілеп кетті. Бас прокуратураға мәселені жан жақты зерделеп, осы мәселені шешіп тапсырғаны қуантарлық жағдай. Көптеген реформалар енгізілейін деп жатыр, сондықтан оған ерекше жауапкершілікпен қарау керек және бұл тек қана реформа ғана болып қалмай, жүзеге асады деп сенеміз. Президенттің жаңа Қазақстанда біз басты қағидатты ұстануға тиіспіз: әртүрлі көзқарастар, бірақ біртұтас ұлт деген сөзін толығымен қолдаймыз
Просмотров: 319


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст