«Үздік педагог- 2019»
Жайық Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебінің 2018-2019 оқу жылында қаңтар айының 8-ші жұлдызында мектепішілік «Үздік педагог -2019» байқауы өткізілді. Байқауға мектебіміздің ұлағатты ұстаздары арасынан 5 мұғалім өздерінің үздік педагогтық білімі мен тәрбиесін, шығармашылығы мен жетістіктерін паш етті. Қатысушы мұғалімдер
Байқаудың әділ қазылары тағайындалды.
1.Әділқазылар алқасының төрайымы Айтикеева Алия Айтжанқызы
2. Үздік педагог-2018» байқауының финалисі бастауыш сынып пәнінің мұғалімі: Қарымсақбаева Бақыт Мукановна
3.«Үздік педагог-2014» байқауының бас жүлдегері, математика пәнінің
мұғалімі: Калиев Берик Уалиханович
4 .«Үздік педагог-2017» байқауының финалисі,мектебіміздің психологі
Айдарбекова Алия Қалдарбековна
Байқаудың өзіндік талаптары мен ережелерін мықтап бақылап, талдап, саралап отырды.байқау жалпы келесі кезеңдер арқылы өтілді.
Әр мұғалімнің білімі мен әдіс –тәсілдері, оқыту бағыты, іс – әрекеттері сан қилы. Әр мұғалім дара тұлға, шеберлгі мен біліктіліктерімен бөлісті.
Бірінші танысытру кезеңін бастамас бұрын мектеп оқушылары ұстаздарға деген ізгі тілектері мен рахметттерін ән мен сыңғырлаған күйлерін тарту етті. Бұл кезеңінде мұғалімдер шығармашылық пен жетістіктерін әр қырларынан көрстеуге тырысып бақты. Біреулері жанды дауыспен ән орындаса, енді біреулері мәнерлеп өлең оқып, ал біреулері би билеп өнерлерін паш етті. Барлық мұғалім видео ролик пен презентацияларын дайындап, «Мамандығым мақтанышым»- жетістіктері мен шығармашылықтары мен қатар жанұяларымен таныстырды.
Байқау өз кезеңіне де жетіп, әділқазылар байқауды қортындылады. Ұстаздардың барлығына ерекше алғыс білдіре отырып, «Шығармашыл педагог» номинациясы Монхай Гулмайра , «Жаңашыл педагог» номинациясы Ибраева Асемгуль Ахмедьяқызы , «Өнерлі педагог» номинациясы Халыкова Лаззат Халыковна, «Ізденімпаз мұғалім» номинациясы Молдабаева Құралай Ондабековна . Ал «Үздік педагог 2018» байқауының жеңімпазы деп бастауыш сынып мұғалімі Аубакиров Науан Аканович берілді.
Барлық ұстаздарға мықты денсаулық пен шығармашылық табыстар, ізденістер мен білімді шәкірттерлерініңкөп болуына тілектеспіз. Ертеңгі мемлекеттің болмысы – бүгінгі ұстаздың тәлімінде. Ал жеңімпаз ұстаз Науан Акановичқа сәттілік тілей отырып, мектеп намысын қорғайды деген сенім білдіреміз.