Текст
Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта
мектебі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асыруда «Өлкетану» базалық бағыты аясында өтілген іс-шара
«Туған өлке тарихы» негізінде Балмұханова Г.А 8-сынып оқушыларымен Ақмол поселкасында орналасқан «Алжир» лагері мұражайына экскурсияға барып келді. Тұтқындар лагерьді бір сөзбен «АЛЖИР» деп атады. Бұл лагерьге Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалды. Осынау сегіз мың әйелдің бар айтары - «халық жауы» атанған күйеулері мен туыстарынан бас тартпағандығы еді. ГУЛАГ лагері Совет Одағының түкпір-түкпірінде қаптап кетті. «АЛЖИР» де жер бетіндегі сондай тозақтың бірі болатын.
Осындай тарихи орындарды көзбен көріп, ой түйіп келген оқушылар ерекше сезімде болды.