Текст
Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебі
«1-желтоқсан Тұңғыш Президент» күніне арналған іс-шара
Тұңғыш Президент күніне арналған 6 «Б» сынып оқушылармен сынып жетекшісі Сейдеш Ақмарал ашық тәрбие сағатын өткізді. Сынып іші тақырыпқа сай безендірілген. Оқушыларға тәрбие сағатының мақсатымен таныстырып өтті. Сынып топқа бөлініп, жұмыс жасады. Әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар беріп, оқушылар постер дайындап қорғап шықты. Оқушыларға интерактивті тақтадан Елбасының өмірінен, отбасынан деректі фильмдер көрсетілді. Тәрбие сағаты өте қызықты және тартысты өтті.