"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

28.11.2018

Аудандық  IX «Жарқын болашақ» қазақ тілі пән олимпиадасы

«Жарқын болашақ» қазақ тілі пән олимпиадасы  басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету болып табылатын бұл олимпиада биыл тоғызыншы рет өткізіліп отыр. Олимпиадада оқушылардың қазақ

халқының тілі, әдебиеті, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті секілді ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, тұлғаның өзін-өзі дамытуына және қабілетін ұштауға ықпал ету көзделген. Қараша айының 27  жұлдызында Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінде ұйымдастырылған олимпиадаға ауданымыз бойынша 18 ауылдан 66 оқушы өзара бақ сынасты. Сайыста төрелік етіп, әділ шешім шығарған қазылар алқасының құрамында: Серік  Нұрболат Комиссия төрағасы, Амангелді негізгі мектебінің директоры, Муса Майгүл №4 АОМ-нің қазақ тілі пәні мұғалімі,  Мухаметжанова Салтанат Мухамеджанқызы Барап негізгі мектебінің бастауыш сынып 

мұғалімі, Работягова Гүлмира Кайкеновна  Горький атындағы орта мектеп – бақшасының музыка пәні  мұғалімі, Нурахманова Айгерім Ерікқызы  №1 АОМ –нің қазақ тілі пәні  мұғалімі. Қазылар алқасының әділ шешімі бойынша «Сөз  шеберлері» номинациясыныңбас жүлдесін Ж.Бектұров атындағы №3АОМ-нің 8 сынып оқушысы Айдарбеков Арман қанжығасына байласа, І орын Еңбек орта мектебінің оқушысы Мамонова Жанельге бұйырды ал ІІ орынды Өрнек мектебінің оқушысы Азатбек Армангүл мен Минск орта мектебінің оқушысы  Мұратбек

Шұғыла өз ара бөлісті, ІІІ орын иегерлері  Барап негізгі мектебінің білім алушысы Еркешқызы Марфуға мен  Ж.Бектұров атындағы №3 АОМ-нің 8 сынып оқушысы Амирханова Гүлмира ие болды.

«Әнші бұлбұл» номинациясы бойынша бас жүлдені Барап негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Карибжанов Руслан, І орын Барап негізгі мектебінің 8 сынып оқушылары «Мұрагер» тобы: Алпысбай Әділ,

Карибжанов Руслан, Кинаятов Манарбек қанжығаларына байлады. Келесі жүлделі ІІ орындарды Ж.Бектұров №3АОМ –нің 10 сынып оқушысы     Нурдуллаева Асем мен 8 сынып оқушысы Рамазанова Эльмираға бұйырды. Кирдищев орта мектебі – бақшасының 7 сынып оқушысы Ерсолтан Еламанға жүлденің ІІІ орны тиесілі болды.

          «Тілші-әдебиетшілер» номинациясында бас жүлдені Кеңес орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жакенова  Камила иеленсе «Жазушылар» номинациясы бойынша бас жүлдені Миниск орта мектебінің 11 сынып оқушысы Маулетхан Ақжол.  

«Жас  ғалымдар» номинациясында бас жүлдені Өрнек  орта мектебінің 9 сынып оқушысы Азатбек Армангүл, жүлделі ІІ орынды Горький атындағы орта мектебі-бақшасының 8 сынып оқушысы Болатбек Сәндігүл, ал ІІІ орынды иеленген Кеңес орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жанай Әмина ие болды. Сайыс өте қызықты да тартысты өтті.  Қатысушы оқушылар мен жетекшілермен  сайысты  ұйымдастыру тұлғалары мен мектеп директоры Әлия Айтжанқызына аудан білім бөлімінің әдіскері Ақтышханқызы Ханша алғысын білдіріп, қортынды сөзін айтып,

барша қатысушылар мен жетекшілерге сәт - сапар, сәттілік пен шығармашылық табыстар тіледі.

Просмотров: 562


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст