21.11.2018
"Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебі" КММ-сі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асыруда «Өлкетану» базалық бағыты аясында өтілген іс-шара
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні
туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп ұстаздар қауымына да зор жауапкершілік жүктеді.
Елбасының мақаласын жүзеге асыру аясында мектеп оқушыларын өлкетану жұмыстарымен айналысу
қызығушылықтарын арттыру мақсатында Ж.К.Бектұровтың мұражайына саяхат жүргізілді. Бастауыш және орта буын оқушыларымен жұмыс барысында мектеп мұражайымен таныстырылды. Мектеп мұражайы жалпы төрт бөлімнен тұратынын айтып, жекелеп таныстырылды. Ж.Бектұров жайында кеңінен мәліметтер айтылды. Оқушылар мұражайдан көрген заттардың қандай тарихы бар екені қызықтырды. Оқушылар
мұражайдағы әрбір заттың құнды екенін айтып, оны қадірлеп сақтау керектігін түсіндірілді.



