"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.11.2018

Арайлы

алтын күз

Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып

тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. Күз мезгілінде бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі.
Маған

күз мезгілі ұнайды.

Күз мезгілі келді,

Жемістерін беріп түр.

 Жапырақтар

сарғайып,

Құс атауы көшіп тұр.

Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен

біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.

Бастауыш сынып оқушыларының ортасына да Арайлы алтын күз келіп , өзінің ғажап  сыйлықтарымен көңілдерімізді көтерді!

Мектептің үлкен сахнасында көзге тартымды , жүрекке жағымды өнерлік

қойылымдарды тамашалауға мүмкіндік болды. Әр сынып бір өсімдікке арналған би ,

ән , сахналау , өлең жолдарын ортаға салды. Сондай көрікті , сәнді балаларымыз

! Және  де ақылды , білімді – өйткені сол өсімдік туралы мәлімет іздеп , жинақтап , баршаға түсінікті түрде жарияланды !

Ортада раушан , наргиз , бақбақ  гүлдері , бидай , күнбағыс , саңырауқұлақ , көкөністер топтары болды . Үлкен

алғысымызды ата – аналар қауымына айтқымыз келеді . Осы балды ұйымдастырған

2-ші сыныптардың жетекшілеріне үлкен рахмет !

Өткізген Клышева Д.К.

 

Просмотров: 406


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст