Ж.Бектұров атындағы №3Ақкөл орта мектебі
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында
жүргізілген іс-шара
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны датаңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. "Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.
Қазіргі күнде бітіруші сынып оқушыларына да мамандық таңдауда көптеген қиындықтар тұрады. Себебі, бұл ата-ананың мамандық таңдауында өз ой-пікірлерін айтар болса,көп жағдайда оқушының ой-пікірі басқа мамандық та тұрады. Осы мақсатта биылғы сынып бітірушілерінің аудандық орта-арнаулы оқу орнына бір күндік саяхат жасалды. Оқушылар барған сәтте-ақ колледж әкімшілігі жылы шырай танытып, оқушыларды колледж корпустарымен таныстыруға кірісті. Оқушылармен біргелікте АӘД,
информатика, математика, физика сабақтарына кіріп, сабақ барысымен танысты.
Практикалық сабақтардан дәнекерлік, автокөлік жүргізу, асхана, құрылыс, ұсталық
шеберханаларында іс жүзінде өз білімдерінде сынап көрді. Барлық жұмыстар көріліп болған соң,
колледж студенттерінің дайындаған концерттік бағдарламасынан соң, жеңіл шай
дастарханы колледж тәрепінен ұйымдастырылды. Қорыта айтқанда оқушыларға бір күндік саяхат көңілдеріне өте ұнады, 2-3 оқушылар өз шешімдерін ата-аналарымен біргелікте келісе отырып, колледжге құжжаттарын тапсыруға шешім қабылдады.