08.11.2018
Аудандық шахмат ойын сайысы
2018 жыл 2 қараша күні Халыққа білім беру бөлімінің ұйымдастырумен Ақкөл қаласы Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінде мектеп оқушылары арасында шахмат ойыны бойынша аудандық XXII-ЖАСТАР спартакиадасы өтті. Алтын уақытпен, терең ойды қажет ететін бұл ойын өте тартысты өтті. Сайысқа қызбалалардан 5 жұп, ұл балалардан 7 жұп қатысты. Барлық ойыншыларда осал еместігін ойын барысында дәлелдеді. Жарыстың қорытындысына сайаудан орталығындағы №1 Ақкөл орта мектебінің оқушылары ұл балалар арасында Хмель және Везнер I-II орынды жеңіп алса, ал қыз балалардан Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінің оқушысы Жапарханова Мерей I-орынды иеледі. Жеңімпаз оқушыларға облыстық сайысқа жолдама беріліп,мақтау қағаздары табысталды.





